gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Бала шешеннен – дана шешенге» атты байқау өтеді

8 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда «Бала шешеннен – дана шешенге» атты байқау өтеді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында биыл алғаш рет «Бала шешеннен – дана шешенге» байқауы республикалық көлемде өткізіледі. Бұған дейін облыстық дейгейде бірнеше кезеңі өткізілген болатын. Бұл туралы «Қазыбек би» қоғамдық қорының төрағасы Пернетай Досыбеков брифингте мәлімдеді.
«Бұл байқау — «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық және тұлғалық әлеуетін дамыту, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, сөз мәдениеті мен шешендік өнерге деген қызығушылығын арттыру. Бұл бастама «Қазыбек би» қоғамдық қорының бастамасымен Түркістан облыстық білім басқармасының қолдауымен соңғы үш жыл бойы облыстық деңгейде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ал биылғы жылы байқау өз ауқымын кеңейтіп, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен республикалық деңгейде ұйымдастырылмақ. Бұл – жобаның маңыздылығы мен қоғам тарапынан жоғары бағаланғанының айқын дәлелі» — деді қоғамдық бірлестік төрағасы.
Сондай-ақ, брифинг барысында Түркістан облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы директорының міндетін атқарушы Олжас Қожа-Ниязұлы аталған сайыстың өту тәртібі туралы баяндады.
«Биыл аталған байқау 17 сәуір күні 7-11 сынып оқушылары және техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері арасында өткізіледі. Байқауға аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысады. Байқау бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылады. Атап айтқанда, «Таныстыру», театрландырылған қойылым, айтыс өнері және эссе жазу. Қатысушылар байқау барысында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды қазақтың ұлы тұлғаларының шешендік сөздерін негізге ала отырып, ұлттық құндылықтарды, адамгершілік қағидаларды кеңінен насихаттайды. Сонымен қатар, олардың тілдік дағдылары, ойды жүйелі әрі мазмұнды жеткізе білу қабілеті бағаланады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ командалық есепте де арнайы дипломдармен марапатталады. Бұл байқаудан үздік шыққан оқушылар мен стуленттер Қарағанды қаласында өтетін республикалық кезеңде өңір намысын қорғайды» — деп мәлімдеді спикер.
Previous Post

Ордабасы ауданында биыл 26 мың гектардан астам аумаққа зиянкестерге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіледі

Next Post

Түркістанда экопарк құру жұмысы пысықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz