gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында биыл І тоқсанда бюджетке 250 млрд теңгеге жуық салық түскен

9 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында биыл І тоқсанда бюджетке 250 млрд теңгеге жуық салық түскен
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында 2026 жылдың I тоқсанында мемлекеттік бюджетке 248,5 млрд теңге түсіп, жоспар 99,7%-ға орындалды. Өсім қарқыны 119%-ды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсім 40 млрд теңгеге артқан. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Сәуле Шырынбекова мәлімдеді.
«2026 жылдың І тоқсанында 2 млрд теңгеден астам қосымша кіріс көздері анықталып, өндірілді. Атап айтқанда, камералдық бақылау нәтижесінде – 572 млн теңге, жер қойнауын пайдаланушыларды әкімшілендіру бағытында – 500 млн теңге, кедендік және қосымша құн салығын әкімшілендіру бағытында — 387 млн теңге, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру нәтижесінде — 610 млн теңге салық бюдежетке түсті. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы да айтарлықтай жақсарған. I тоқсанда 500 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның 99%-ы электронды форматта жүзеге асқан» — деп баяндады спикер.
Сонымен қатар, брифинг барысында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Айдос Құралбайұлы өңірдегі кеден бекеттерінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
«Кедендік бақылау аясында заңбұзушылықтарға қарсы күрес күшейтіліп, 3 есірткі тасымалдау дерегі анықталды. Сонымен қатар, мұнай өнімдерін заңсыз әкету бойынша 29 жағдай тіркелді. Нәтижесінде 1,58 млн теңгеден астам айыппұл салынып, 9,6 тонна жанармай тәркіленді. Бұдан бөлек, 12 200 АҚШ долларын заңсыз әкету дерегі анықталды. Облыста кеден инфрақұрылымын жаңғырту бағытында бірқатар ірі жобалар іске асырылды. «Атамекен», «Бауыржан Қонысбаев» бекеттері жаңартылып, «Қапланбек» кеден бекеті қайта іске қосылды. «Жібек жолы» бекетін биыл тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған» — деді басқарма басшысы.
Previous Post

Түркістан қаласындағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Next Post

Инвестицияларды қорғау жөніндегі форум басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz