gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 150-ге жуық волонтерлік ұйым мен 24 мыңнан астам ерікті бар

17 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында 150-ге жуық волонтерлік ұйым мен 24 мыңнан астам ерікті бар
Share on FacebookShare on Twitter
Елімізде волонтерлік қызмет — азаматтық қоғамды дамытудың маңызды құрылымына айналуда. Мәселен, 2020 жылы елімізде еріктілер саны 50 000 болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 300 000-ға жеткен. Ал, волонтерлік ұйымдар саны 2020 жылы 224 болса, өткен жылы 810 болды. Бұл жайында Айбек Досымбетов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Соңғы 6 жылда Қазақстандағы волонтерлік қозғалыс айтарлықтай дамып, тұрақты өсім көрсетуде. Жыл сайын 60 000-нан астам жас Ұлттық волонтер желісіне тартылады. Ал, аталған салада 8 негізгі жоба жүзеге асырылса, қазіргі таңға дейін 200-ден астам адам «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының лауреаты атанған» — деді Айбек Аяпбергенұлы.
Сонымен қатар, Түркістан облысында 149 волонтерлік ұйым тіркелсе, 24 298 жас ерікті еңбек етуші болып анықталған. Өткен жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 7 225 іс-шара өткізіліп, 625 280 жас қамтылған. Ал, биыл жыл басынан бері 193 559 жас қамтылған 1991 шара өткен. Бұл жайында Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Дінислам Бимаханбетов хабардар етті.
«2026 жылы республикалық деңгейде волонтерлік бағыт аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Атап айтар болсақ, республикалық «ZHAS CAMP» лагерін және «Asyl mura» волонтерлік әлеуметтік жобалар байқауы және «Jas saq» этно-реалити шоуы өткізілмек. Сондай-ақ, «Ясауи әлемі» атты квест сайысын және «Білімді жастар — ел ертеңі» атты жас көшбасшылар жобасын ұйымдастыру жоспарлануда. Аталған іс-шаралардың барлығына да дайындық жұмыстары басталып кетті»- деді спикер.
Previous Post

Биыл елімізде газдандыру бойынша 40 жоба іске асуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz