Астана қаласында 11-17 сәуір аралығында 11-12 сынып оқушыларына арналған математика және механика бағыттары бойынша зерттеу жобаларының халықаралық байқауы өтті. Жарысқа Түркістан облысынан 4 оқушы қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, нәтижесінде 2 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды. Бұл жетістік өңірдегі білім сапасы мен оқушылардың ғылыми әлеуетінің жоғары екенін айқындайды.
Жеңімпаздарды ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова арнайы марапаттап, олардың табысына жоғары баға берді. Атап айтқанда, алтын медаль Түркістан қаласындағы Н.Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты мен Кентау қаласындағы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының оқушыларына бұйырды. Ал, күміс медальді Түркістан қаласындағы «Tulga School» ЖШС және Жетісай ауданындағы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаттарының оқушылары иеленді. Бұл — жүйелі білім беру мен ұстаздардың кәсіби еңбегінің нақты нәтижесі.



