gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Қазақстанда 6 жаңа ақылы учаскені енгізу көзделген

22 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биыл Қазақстанда 6 жаңа ақылы учаскені енгізу көзделген
Share on FacebookShare on Twitter
Шекаралық инфрақұрылымды дамыту аясында Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерімен автомобиль өткізу пунктілерін жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2028 жылға дейін 37 пунктіні жаңғыртуды жоспарда бар. 2025 жылдан бері 14 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 5 пунктіде жүк көліктеріне арналған сервистік аймақтар салынуда. Қалған 23 өткізу пунктілері бойынша дайындық жұмыстары басталды. Бұл жайлы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Сонымен қатар ақылы автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.
«Қазіргі таңда ел аумағында жалпы ұзындығы 4 900 шақырымды құрайтын 26 ақылы жол учаскесі бар. Биыл қосымша жаңа 6 ақылы учаскені енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ ақылы жолдарда ақаулар анықталған жағдайда жол жүру ақысын уақытша тоқтату нормасы енгізілді. Қазіргі таңда 15 учаскеде жарықтар мен ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-деді спикер.
Айта кетерлігі, республикалық маңызы бар автожолдар желісінде 1500-ға жуық жол бойындағы қызмет көрсету нысандары орналасқан. 2026 жылы жеке инвестициялар есебінен қосымша 37 жаңа нысан ашу жоспарлануда. Оның ішінде: 27 жанармай құю станциясы және 10 тамақтану пунктісі.
Жол пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 13 жаңа санитарлық торап орнату жоспарланған. Нәтижесінде республикалық автожолдар бойындағы санитарлық тораптардың саны 190 бірлікке жетпек.
Брифинг барысында Дархан Иманашев биылғы су тасқыны маусымын жол қызметі алдын ала дайындық жұмыстарының арқасында абыроймен алып шыққанын айтты. 2026 жылғы су тасқыны кезеңінде республикалық автожолдарда 5 су алу фактісі ғана тіркелді. Осыдан екі жыл бұрын 178 су алу фактісі тіркелген болатын. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 1000 бірлік техника және 1900 қызметкер жұмылдырылды. Шамамен 15 мың суөткізгіш құбырлар тазартылып, 86 мың текше метр инертті материал әзірленді.
Previous Post

Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға бөлінетін квота санын 2 есеге арттыру жоспарлануда

Next Post

Түркістан қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz