gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентау қаласы «Айбын-2026» облыстық іріктеуінде жеңіске жетті

6 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентау қаласы «Айбын-2026» облыстық іріктеуінде жеңіске жетті
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласындағы «Үркер» жазғы сауықтыру лагерінде «АЙБЫН-2026» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Жалпы байқауға Түркістан облысының аудан-қалаларынан келген 14 команда қатысты. Жастар пневматикалық мылтықтан ату, АК-74 автоматын бөлшектеу және жинақтау, әскери кросс, әскери эстафета, сондай-ақ робототехника бағыттары бойынша өзара сынға түсті. Шара барысында ұйымдастырушылар болашақ жауынгерлерді жастайынан әскери іске баулу, олардың бойында отансүйгіштік пен жауапкершілік рухын қалыптастыру – маңызды міндет екенін атап өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша Кентау қаласының командасы үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Төлеби ауданы ІІ орынды, ал Бәйдібек ауданы ІІІ орынды иеленді. Кентау қаласының командасы республикалық кезеңде облыс намысын қорғайтын болады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Previous Post

Түркістанда Отан қорғаушылар мен жеңіс күні мерекеленді

Next Post

«Батырларға тағзым» порталында 705 мыңнан астам майдангер туралы дерек жинақталған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz