gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Батырларға тағзым» порталында 705 мыңнан астам майдангер туралы дерек жинақталған

6 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Батырларға тағзым» порталында 705 мыңнан астам майдангер туралы дерек жинақталған
Share on FacebookShare on Twitter
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Батырларға тағзым» онлайн-порталын толықтыру жұмыстарын жалғастырып келеді. Жоба былтыр бастау алып, Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігі мен жанкештілігі туралы болашақ ұрпаққа құнды ақпаратты жеткізуге бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда сайтта 705 488 ардагер туралы дерек бар. Оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері туралы ақпарат жинақталған. Ақпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің архиві мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің орталық архивінен алынған деректер негізінде енгізіледі.
Порталда тегі, аты, әкесінің аты бойынша іздеу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ туған күні мен жері, әскерге шақырылған уақыты мен орны және басқа да мәліметтер қамтылған.
Бұдан бөлек, портал қолданушылары өз ардагер туыстары туралы деректі толықтырып, фотосуреттер мен соғыс жылдарындағы құжаттарды, жеке естеліктерін жүктей алады. Осы арқылы әрбір азамат ата-баба ерлігін ұлықтап, олардың өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа жеткізуге өз үлесін қоса алады.
Previous Post

Кентау қаласы «Айбын-2026» облыстық іріктеуінде жеңіске жетті

Next Post

Кентауда «Ұранды елдің-ұрпағы қайсар»тақырыбында мерекелік жиын өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz