gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мәслихат депутаттарын сайлауда аумақтық және округтік сайлау комиссиясыларының өкілеттіктері

8 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мәслихат депутаттарын сайлауда аумақтық және округтік сайлау комиссиясыларының өкілеттіктері
Share on FacebookShare on Twitter

Мәслихаттардың бүкіл тарихында (1994 жылдан бастап) мәслихаттардың, өкілді органдардың мәртебесі мен қызметінде де, мәслихаттар депутаттарын сайлау тәртібінде де және сайлау жүйесінде айтарлықтай өзгерістер болды.
Сайлау процесінде партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің рөлі артты. Кандидаттарды ұсынуды республика-лық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері жүргізді, азаматтар да өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды. 2018 жылғы өзгерістерге сәйкес мәжіліс қана емес, жетінші шақырылған мәслихаттар да тек партиялық қағидат бойынша құрылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасын іске асыру басталған-нан бастап және 2022 жылғы наурыз және қыркүйек айларында Қазақстан халқына Жолдаулары шыққаннан кейін-гі реформаларына сәйкес мәслихаттар депутаттарын сайлау рәсіміне өзгеріс-тер енгізілді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республика-сының Конституциялық заңына тиісті түзетулер 2022 жылғы 5 қарашада қабылданды.
Түзетулерге сәйкес облыстардың, рес-публикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады: бірыңғай аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша — екінші жартысы сайланады. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың депутаттары тек бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.
Енді осы сайлау процесінде аумақ-тық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыр-уды және өткізуді қамтамасыз етеді және мынадай функцияларды орындайды:
— төмен тұрған аумақтық, округтік және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық жасайды;
— олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және оларды тоқтата тұрады;
— сайлау науқанын өткiзу үшін бөлiн-ген республикалық және жергілікті бюджеттердiң қаражатын олардың арасында бөледi;
— сайлау науқанын өткізуге арналған бюджеттік өтінімдерді ұсынады;
— округтік және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметi үшін қажеттi материалдық — техникалық жағдайлар-дың жасалуын бақылайды;
— округтік және учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен әре-кеттерiне (әрекетсiздiгіне) арыздар мен шағымдарды қарайды;
— Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік шегiнде құрылған барлық сайлау комиссиясының орындауын ұйым-дастырады;
— сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
— сайлаушылар және сайлау учас-келерінің шекаралары туралы мәлімет-тердің өзектілігі мен анықтығын, дауыс беруге арналған сайлаушылар тізімдерінің уақтылы әрі дұрыс жасалуын және олардың барша жұрттың танысуы үшін ұсынылуын бақылайды;
— сайлау туралы заңнаманы түсін-діруді ұйымдастырады; сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұй-ымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi;
— жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын өңірлік және жергілікті қоғам-дық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады;
АСК өкілеттіктеріне сондай-ақ сайлау алдындағы пікірталастар өткізу, дауыс беруге арналған бюллетеньдердің мәтінін бекіту және оларды дайындауды ұйымдастыру, сайлау қорларына түсе-тін қаражатты есепке алу үшін арнайы уақытша шоттар ашу, кандидаттың сайлау қорына, саяси партияға және оның көздеріне түскен ақшаның жалпы сомасын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мәселелері кіреді.
Округтік сайлау комиссиялары бір-мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.
ОСК өкілеттіктеріне мыналар жатады:
— тиісті сайлау округінің аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
— учаскелік сайлау комиссиялары-ның қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді; олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады; учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-тех-никалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; учаскелік сайлау комис-сияларының шешімдері мен әрекет-теріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды;
— сайлау округінің аумағында орнал-асқан мемлекеттік органдар мен ұйым-дардың сайлауға дайындыққа және оны өткізуге байланысты мәселелер бойынша есептерін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер органдарының сайлау туралы заңнаманың сақталуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға құқылы.
— бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың де-путаттығына кандидаттарды тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді, кандидаттарды тіркеу туралы хабарларды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
— кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркейді;
— бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньнің мәтінін белгілейді;
— бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын қайта сайлауды және шығып қалғандардың орнына сайлауды өткізеді;
— учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар алады; жоғары тұрған сайлау комиссиясына сайлау округі бойынша дауыс беру нәтижелерін беруді қамтамасыз етеді;
— Қазақстан Республикасының заңна-масына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Б.Ибадуллаев,
Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары

Previous Post

Түркістанның «Тұран» командасы жеңіске жетіп, екінші орынға көтерілді

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Қыс мезгілінде егілген қырыққабат нарыққа шығарыла бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz