gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Қыс мезгілінде егілген қырыққабат нарыққа шығарыла бастады

8 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Қыс мезгілінде егілген қырыққабат нарыққа шығарыла бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында аграрлық саланы дамыту, еңбек өнімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін күшейту мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Осы бағытта Түркістан облысының шаруалары көктем шыға мол өнім қамын жасап, бүгінде алғашқы нәтижелерге қол жеткізуде.

Өңірдің өзге аймақтарында көктемгі егіс науқаны енді қарқын алып жатқан тұста Сарыағаш ауданының диқандары ерте егілген дақылдардың алғашқы өнімін жинауға кірісті. Биыл аудан шаруалары 9 мың гектардан астам жерге көкөніс дақылдарын еккен. Соның ішінде қыс мезгілінде егілген қырыққабат толық пісіп жетіліп, ішкі және сыртқы нарыққа жөнелтіле бастады.

Сарыағаштық шаруалар биыл ерте піскен қырыққабаттан мол өнім алуда. Орта есеппен алғанда диқандар 40 соттық жерден 40 тоннаға дейін өнім жинап отыр. Солардың бірі – «Бадалов Амирхан» шаруа қожалығы. Қожалық иелері қаңтар айында еккен қырыққабат өнімін бүгінде толық жинап үлгерген. Диқандардың айтуынша, ерте егілген қырыққабат шамамен үш ай ішінде пісіп жетіледі. Биылғы ауа райының қолайлы болуы мен су тапшылығының болмауы өнім сапасына оң әсер еткен.

Шаруалар қазір жиналған өнімді жергілікті нарықпен қатар өзге өңірлерге де жөнелтіп жатыр. Ерте піскен көкөніске сұраныстың жоғары болуы диқандардың табысын арттырып, көктемгі маусымды сәтті бастауына мүмкіндік беруде.

Сарыағаш ауданының табиғи-климаттық ерекшелігі ерте өнім алуға өте қолайлы. Сондықтан аудан шаруалары жыл сайын ерте көкөніс өсіруде тәжірибесін жетілдіріп, өнім көлемін арттырып келеді.

Previous Post

Мәслихат депутаттарын сайлауда аумақтық және округтік сайлау комиссиясыларының өкілеттіктері

Next Post

Түркістан облысы тұрақты даму көрсеткіштері бойынша оң өсім көрсетіп келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz