gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Жетісайда инвестициялық жобалар арқылы жаңа жұмыс орындары ашылмақ

30 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Жетісайда инвестициялық жобалар арқылы жаңа жұмыс орындары ашылмақ
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын дамытуда инвестиция тартудың маңызы ерекше екенін атап өтіп, өңірлерде жаңа өндіріс орындарын ашу мен тұрақты жұмыс орындарын құруға басымдық беру қажеттігін тапсырған болатын. Президент тапсырмасына сәйкес бүгінде еліміздің барлық аймақтарында кәсіпкерлікті қолдау, өндірісті дамыту және инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.

Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, тұрғындар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету және өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында Жетісай ауданында инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауданда бұл бағытта арнайы индустриалды аймақ құрылып, өндірістік парк ашу ісі қолға алынған. Аталған жобалар өндіріс көлемін арттыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Жақында аудан әкімі Серік Мамытовтың төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Оффлайн және онлайн форматында ұйымдастырылған жиында 2026 жылы іске асырылып жатқан және алдағы кезеңде жүзеге асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалардың өзекті мәселелері қаралды.

Кездесу барысында тараптар аудан аумағында қолға алынатын инвестициялық жобалардың негізгі бағыттарына тоқталып, оларды жүзеге асыру мүмкіндіктері мен кезең-кезеңімен атқарылатын жұмыстарды жан-жақты талқылады. Сонымен қатар, жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, инженерлік желілер тарту және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.

Жиында сөз сөйлеген аудан басшысы инвестиция тарту өңірдің тұрақты дамуының негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа өндіріс орындарының ашылуы аудан экономикасына серпін беріп қана қоймай, халықтың әл-ауқатын арттыруға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Осыған байланысты ол сала басшыларына ұсынылған жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті барлық қолдау шараларын көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, аудан әкімдігі тарапынан әлеуетті жобаларды іске асыруға ниетті инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде бүгінде индустриалды аймақта жалпы құны 31,2 миллиард теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар өндіріс, өңдеу және қызмет көрсету салаларын қамтиды.

Сонымен қатар, өндірістік парк аумағында жалпы құны 210 миллион теңгені құрайтын 5 өндіріс орнын іске қосу көзделген. Жобалар толық іске асқан жағдайда аудан бойынша 1 200-ге жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бұл өз кезегінде халықтың табысын арттырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді.

Жалпы айтқанда Жетісай ауданында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар өңірдің өндірістік әлеуетін күшейтіп, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға кең мүмкіндік беруде. Мемлекеттік қолдау мен инвесторлардың қызығушылығы нәтижесінде аудан экономикасының қарқыны артып, халық игілігіне бағытталған ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Кентауда көгалдандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Next Post

Президент тапсырмасы: Сарыағашта өсімдік майын шығаратын зауыт іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz