gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Сарыағашта жаңа өсімдік майы зауыты іске қосылды

30 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Сарыағашта жаңа өсімдік майы зауыты іске қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде елімізде өңдеу өнеркәсібін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және экспорттық әлеуетті арттыру экономиканы әртараптандырудың негізгі бағыты екенін атап өткен болатын. Президент тапсырмасына сәйкес өңірлерде жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бүгінде Сарыағаш ауданының Дарбаза ауылдық округінде осындай маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылып келеді. Мұнда индустриялық аймақта «Альбарака 077» ЖШС-нің өсімдік майын өндіру зауыты ресми түрде іске қосылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, ауыл ақсақалдарымен бірге нысанның лентасын қиып, кәсіпорынның жұмысын ресми түрде бастады. Жаңа өндіріс орнының ашылуы өңірдің экономикалық дамуына серпін беретін маңызды қадам ретінде бағалануда.

Аталған жобаның жалпы инвестициялық құны 1 миллиард теңгені құрайды. Зауыттың іске қосылуы нәтижесінде 25 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып, ауыл халқы үшін жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл өз кезегінде өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізуде.

Кәсіпорынға индустриялық аймақ аумағынан жалпы көлемі 3 гектар жер телімі бөлінген. Өндіріс орнында заманауи технологиялық жабдықтар орнатылып, толық автоматтандырылған өндірістік желілер іске қосылған. Зауыт тәулігіне 50 тоннаға дейін өсімдік майын және 65 тонна мал азығын өндіруге қауқарлы. Мұндай өндірістік қуат өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, шикізатты тиімді пайдалануға және қосымша құн қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын басшысы Абдусобид Мамадалиев дайын өнімді сыртқы нарыққа шығаруды жоспарлап отырғанын айтты. Атап айтқанда, өсімдік майы мен мал азығын Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттеріне экспорттау көзделіп отыр. Бұл қадам өңірдің экспорттық әлеуетін арттырып, отандық өнімнің халықаралық нарықтағы орнын нығайтуға ықпал етпек.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда инвестициялық жобалар арқылы жаңа жұмыс орындары құрылуда

Next Post

Президент тапсырмасы: Кентауда көгалдандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz