gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда инвестициялық жобалар арқылы жаңа жұмыс орындары құрылуда

29 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда инвестициялық жобалар арқылы жаңа жұмыс орындары құрылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жұмыспен қамту, инвестиция тарту және өңірлік экономиканы дамыту мәселелерін ел дамуының негізгі басым бағыттарының бірі ретінде айқындап отыр. Президент өз Жолдауларында өндірістік жобаларды көбейту және шағын әрі орта бизнесті қолдау арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу қажеттігін атап өткен болатын. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар Түркістан облысында да қарқын алып келеді.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Жетісай ауданында жұмыссыздық деңгейін төмендету және өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында инвестиция тарту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл бағытта арнайы индустриялық аймақ құрылып, өндірістік парк ашу ісі қолға алынған.

Жуырда аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен инвестициялық штаб отырысы өтіп, жиында 2026 жылы іске асырылып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асырылуы жоспарланған жобалардың өзекті мәселелері қаралды.

Офлайн және онлайн форматта өткен жиын барысында қатысушылар аудан аумағында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың негізгі бағыттарына тоқталып, оларды іске асырудың мүмкіндіктері мен кезең-кезеңімен атқарылатын жұмыстарды жан-жақты талқылады. Сонымен қатар, инфрақұрылымдық дайындық, жер телімдерін бөлу және өндірістік алаңдардың тиімділігі мәселелері де назарға алынды.

Аудан басшысы инвестиция тарту өңірдің тұрақты дамуының негізгі тетігі екенін атап өтіп, ұсынылған жобаларды сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру үшін қажетті барлық қолдауды көрсетуді тиісті сала басшыларына жүктеді.

Айта кетейік, аудан әкімдігі мен инвесторлар арасындағы келіссөздердің нәтижесінде бүгінде Жетісай ауданы аумағындағы индустриялық аймақта жалпы құны 31,2 миллиард теңгені құрайтын 9 жобаны іске қосу көзделіп отыр. Сонымен қатар, өндірістік парк аясында құны 210 миллион теңге болатын 5 өндіріс орны ашылады деп жоспарлануда.

Аталған жобалар толық іске қосылған жағдайда 1200-ге жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бұл өз кезегінде аудан экономикасының дамуына серпін беріп, жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Кентауда мал шаруашылығы мен кәсіпкерлік бағыт дамуда

Next Post

Президент тапсырмасы: Сарыағашта жаңа өсімдік майы зауыты іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz