gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Түлкібаста туризмге тың серпін беретін кешен бой көтеруде

11 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Түлкібаста туризмге тың серпін беретін кешен бой көтеруде
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласын экономиканың жаңа драйверлерінің бірі ретінде дамытудың маңыздылығын үнемі атап өтіп келеді. Президент ішкі туризмді дамыту, өңірлердің туристік әлеуетін тиімді пайдалану және ұлттық құндылықтарды насихаттайтын заманауи демалыс орындарын көбейту жөнінде нақты міндеттер қойған болатын. Осы бағытта бүгінде Түлкібас ауданында да ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

Соңғы жылдары аудан аумағында туризм саласын дамытуға бағытталған жобалар саны артып келеді. Соның бірі – Жаскешу ауылдық округіне қарасты Пістелі ауылында салынып жатқан «Saumal De Lux» туристік-сауықтыру кешені. Жоба өңірдегі туризм саласының дамуына тың серпін беріп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге де бағытталған.

Осыған орай аудан әкімі Асқар Естібаев нысанға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Жоба жетекшілері кешеннің бүгінгі жай-күйі мен алдағы жоспарлары жөнінде баяндап, атқарылып жатқан жұмыстарды көрсетті.

«Saumal De Lux» кешенінің басты ерекшелігі – саумалмен емдеу, жылқы туризмін дамыту және табиғат аясындағы демалысты ұлттық дәстүрмен ұштастыруында. Кешенге келушілер қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігімен танысып, ұлттық тағамдардың дайындалу барысын тамашалай алады. Сонымен қатар, таба нан пісіру, қолдың майын жасау секілді көнеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерді тәжірибе жүзінде көруге мүмкіндік жасалмақ.

Қазіргі таңда туристік кешен құрылысының 90 пайызы аяқталған. Жоба 2026–2027 жылдар аралығында үш кезең бойынша іске асырылмақ. Алғашқы кезең аясында 2026 жылы жалпы аумағы 1280 шаршы метрді құрайтын заманауи қонақ үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қонақ үй құрамында 14 стандартты бөлме мен 2 VIP нөмір қарастырылған. Сонымен қатар, мейрамхана, 2 VIP кабинка, жазғы демалыс алаңы және әрқайсысының көлемі 160 шаршы метр болатын 3 ерекше үлгідегі коттедж салынуда.

Ал, екінші кезеңде спорт және экотуризм бағытындағы нысандар бой көтермек. Атап айтқанда, 1080 шаршы метрлік спорт кешені, жазғы бассейн, 10 глемпинг және 5 киіз үй салу жоспарланған. Бұдан бөлек, балық шаруашылығын дамыту, Көкбұлақ өзені үстінен екі аспалы көпір салу және тау бөктерімен өтетін ұзындығы 1,5 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолын жасау көзделіп отыр.

Бастапқы жоспар бойынша кешеннің алғашқы кезеңі 2026 жылдың наурыз айында пайдалануға берілуі тиіс болған. Алайда, инфрақұрылым мен қаржыландыру мәселелеріне байланысты құрылыс мерзімі ұзартылып, нысанды толық аяқтау осы жылдың 1 шілдесіне жоспарланған.

Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі Асқар Естібаев әкімдік тарапынан газ, электр жарығы, жол және өзге де инженерлік инфрақұрылымдарды жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сонымен қатар, мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Қорыта айтқанда, «Saumal De Lux» туристік-сауықтыру кешені іске қосылғаннан кейін өңірдің туристік әлеуетін арттырып, аудан экономикасының дамуына оң әсер етеді деп күтілуде. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беріп, Түлкібас ауданын туристер көп келетін тартымды аймақтардың біріне айналдыруға ықпал етпек.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Түлкібаста ауызсу сапасын арттыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде

Next Post

Мұнай өңдеу тереңдігі ашық өнімдер өндірісінің өсуі аясында 90%-ға жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz