gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Түркістанда жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

24 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысының Абай ауылында жол инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік-логистика саласын дамыту мен өңірлердегі инфрақұрылым сапасын арттыру мәселесіне үнемі басымдық беріп келеді. Президент өз Жолдауларында сапалы жол мен заманауи инфрақұрылым халықтың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, экономиканың дамуына серпін беретін маңызды фактор екенін атап өткен болатын. Осы бағыттағы жұмыстар бүгінде Түркістан қаласында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Қазіргі таңда шаһарда жалпы ұзындығы 1,98 шақырымды құрайтын Б.Майлин көшесінде жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба аясында жол сапасын жақсарту, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру көзделген.

Мамандардың мәліметінше, бүгінде құрылыс жұмыстарының орындалу көрсеткіші 30 пайызға жеткен. Құрылыс барысында көшеге төрт жолақты асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы мен арнайы веложолақ салынбақ. Сонымен қатар, жол бойына заманауи талаптарға сай жарықтандыру жүйелері, жол белгілері орнатылып, жасыл белдеулер қалыптастыру жұмыстары да жүргізіледі.

Аталған жоба шаһардағы көлік қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы жүріп-тұруына мүмкіндік береді. Әсіресе, соңғы жылдары қала халқының көбеюі мен көлік санының артуына байланысты жол инфрақұрылымын жаңарту мәселесі өзекті бола түскен.

Жалпы алғанда бүгінде Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Соның ішінде халықаралық маңызы бар автожолдар да кезең-кезеңімен жаңартылуда. Атап айтқанда, қала аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 3 шақырым бөлігінде ағымдағы жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Бұл жұмыстардың барлығы Түркістанның туристік және рухани орталық ретіндегі мәртебесін нығайтып, шаһардың заманауи келбетін қалыптастыруға бағытталған. Жаңартылған көшелер мен сапалы жолдар тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы орта қалыптастырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек.

Previous Post

Сауран ауданында балық шаруашылығы дамып келеді

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда сымтемір өңдейтін жаңа цех іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz