gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде

5 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Аграрлық саланы дамыту ел экономикасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ел Президенті ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігін арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу және шаруаларды мемлекеттік қолдау шараларын күшейту қажеттігіне ерекше назар аударып келеді.

Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар бүгінде Ордабасы ауданында да жалғасуда. Ауданда көктемгі дала жұмыстары жоспарға сәйкес қарқынды жүргізіліп, шаруалар егіс науқанын ұйымшылдықпен атқаруда. Мәселен, биыл аудан бойынша жалпы 71,2 мың гектар егістік алқапты игеру межеленген. Оның ішінде күздік егіс көлемі 26,3 мың гектарды құраса, жаздық дақылдар 33,0 мың гектарға орналастырылмақ.

Қазіргі таңда жаздық дақылдар 28,0 мың гектар алқапқа егілді. Бұл жоспардың 84 пайызға орындалғанын көрсетеді. Мамандардың айтуынша, қолайлы ауа райы мен шаруалардың тыңғылықты дайындығы көктемгі науқанды уақытылы жүргізуге мүмкіндік беруде.

Ауданда ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жұмыстары да жүйелі жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 3,8 мың гектарға, майлы дақылдар 5,4 мың гектарға, ал мақта 5,3 мың гектар алқапқа егілген. Сонымен қатар, жаңа жоңышқа 2,8 мың гектарға себілсе, бұрынғы жоңышқа алқаптары 11,8 мың гектарды құрап отыр. Ал картоп, көкөніс және бақша дақылдары 5,2 мың гектар жерге орналастырылған.

Көктемгі дала жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізуде мемлекеттік қолдау шаралары маңызды рөл атқаруда. Әсіресе, «Кең Дала 2» бағдарламасы аясында аудан бойынша 265 жоба қаржыландырылып, шаруалардың егіс науқанын алаңсыз өткізуіне қолдау көрсетілді. Бұл өз кезегінде шаруалардың айналым қаражатын толықтырып, қажетті тұқым, жанар-жағармай және техника мәселесін шешуге мүмкіндік беріп отыр.

Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Биыл 71,2 мың гектар алқапқа 16,2 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланған. Қазіргі таңда шаруалар 4 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыш сатып алып, егістік алқаптарында қолдануда.

Сонымен қатар, ауданда су ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар да қарқын алған. Бүгінде 13 шаруа қожалығы жалпы көлемі 2 450 гектар алқапта су үнемдеу технологияларын енгізіп, бидай, көкөніс және бақша дақылдарын өсіруде. Заманауи технологияларды пайдалану су тапшылығының алдын алып қана қоймай, өнім көлемін арттыруға да мүмкіндік береді.

Previous Post

Түркістан облысында биыл балаларға арналып 400-ге жуық каркасты бассейн орнатылады

Next Post

Түркістан облысында Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында жастарға әскери экскурсия ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz