gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Отырардағы киелі орындарда ауқымды тазалық жұмыстары өтті

4 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таза Қазақстан: Отырардағы киелі орындарда ауқымды тазалық жұмыстары өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірлерінде қоршаған ортаны қорғау, тарихи-мәдени нысандарды күтіп ұстау және елді мекендерді абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл бастама тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, ұлттық мұраға деген жанашырлықты арттыруға да ерекше серпін беріп отыр.

Жақында Отырар ауданындағы киелі орындар аумағында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Игі шараға аудан аумағындағы кәсіпорындар мен қоғамдық, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы ұжымы және аудан тұрғындары қатысып, жалпы саны 500-ге жуық адам жұмылдырылды.

Сенбілік барысында Арыстанбаба кесенесі аумағы мен Отырар төбе қалажұрты маңы тазартылып, ретке келтірілді. Сонымен қатар, айналадағы табиғи шөптер шабылып, аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстары жүргізілді.

Тазалық шарасына 4 арнайы техника тартылып, нәтижесінде 2,6 тонна қоқыс арнайы белгіленген аумаққа шығарылды. Бұдан бөлек, көше бойындағы ағаштардың қураған бұтақтары қырқылып, түптері қопсытылып, әктеу және көшет отырғызу жұмыстары атқарылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тарихи-мәдени нысандарды күтіп ұстау – тек тазалық сақтау ғана емес, ұлттық құндылықтарға деген құрметтің көрінісі. Әсіресе, туристер жиі келетін киелі орындардың таза әрі көрікті болуы өңірдің мәдени-рухани келбетін айқындай түседі.

Бүгінде тарихи ескерткіштер мен мәдени кеңістіктерді сақтау – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта мәдени мұра нысандарын қорғау, оларды күтіп-ұстау және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысының Абай ауылында жол инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылуда

Next Post

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz