gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысының Абай ауылында жол инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылуда

4 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысының Абай ауылында жол инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде инфрақұрылымды дамыту, әсіресе ауылдық елді мекендердегі жол сапасын жақсарту мәселесіне айрықша мән беріп келеді. Президент өз Жолдауларында сапалы жол халықтың өмір сапасын арттыратын негізгі факторлардың бірі екенін атап өткен болатын. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар Түркістан облысы аумағында да қарқынды жүзеге асырылуда. Айталық, Келес ауданының орталығы Абай ауылында жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар бастау алды. Қазіргі таңда елді мекеннің бірқатар маңызды көшелерінде құрылыс техникалары жұмылдырылып, орташа жөндеу және асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, бүгінде Б.Қырғызәлиев көшесінде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жоба аясында сондай-ақ Ә.Жылқышиев гүлзары, Абылай хан көшесі, Т.Рысқұлов көшесі, Ә.Молдағұлова көшесі және Құрылыс көшесі кезең-кезеңімен жаңартылуда. Бұл көшелер елді мекеннің негізгі қозғалыс бағыттары болғандықтан, жөндеу жұмыстары тұрғындардың күнделікті қатынасына едәуір жеңілдік әкелмек.

Аталған жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан тиісті конкурс ұйымдастырылып, мердігер мекеме ретінде Syganak Group анықталған. Қазіргі таңда мердігер тарапынан арнайы техника мен жұмысшы күші тартылып, жолдың ескі қабатын ретке келтіру, тегістеу және жаңа асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ауыл ішіндегі жөндеуді қажет ететін бірқатар көшелер де назардан тыс қалмайды. Атап айтқанда, А.Омаров көшесі, Қ.Сәтпаев көшесі, Т.Бегманова көшесі, Ынтымақ көшесі және өзге де ішкі жолдар бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылған. Қаржысы нақтыланғаннан кейін бұл аумақтарда да құрылыс жұмыстары басталмақ.

Айта кетейік, жалпы ұзындығы 87 шақырымды құрайтын 120 көшесі бар Абай ауылында бүгінде жолдардың 92 пайызы асфальтталған. Қалған көшелерді кезең-кезеңімен жаңарту арқылы аудан орталығының инфрақұрылымын толық жетілдіру көзделіп отыр.

Мамандардың айтуынша, атқарылып жатқан жұмыстар ауыл ішіндегі көлік қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындардың өмір сапасын арттырып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Келестегі кәсіпорындардың әлеуеті артып келеді

Next Post

Таза Қазақстан: Отырардағы киелі орындарда ауқымды тазалық жұмыстары өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz