gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Таскескенде жаңа спорт алаңшасы ашылды

6 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Таскескенде жаңа спорт алаңшасы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, салауатты өмір салтын ұстанатын қоғам – қуатты мемлекеттің негізі. Осы бағыттағы міндеттер еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, ауылдық жерлерде де спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Бүгінде Сарыағаш ауданында бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жақында ауданға қарасты Таскескен елді мекенінде кіші футбол және workout алаңшасы пайдалануға берілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа спорт нысанының іске қосылуымен құттықтады. Сонымен қатар іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары мен ауыл ақсақалдары да қатысып, ел игілігіне берілген нысанның маңыздылығын атап өтті.

Аудан әкімі өз сөзінде бұқаралық спортты дамыту – тек инфрақұрылым салу ғана емес, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу, жастарды бос уақытын тиімді өткізуге бағыттау екенін айтты. Тұрғындар тарапынан да бұл бастамаға оң баға беріліп, ауылда спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасалғанына ризашылық білдірілді.

Аталған спорт алаңшасының құрылысы аудандық бюджет есебінен қаржыландырылып, мердігер мекеме «AIN Development ЖШС» тарапынан сапалы түрде жүзеге асырылды. Нысан кіші футбол алаңымен қатар, заманауи workout құрылғыларымен толық жабдықталған.

Жаңа спорт кешені ауыл жастары мен тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне, дене шынықтырумен тұрақты айналысуына және түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ауыл жастары арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға жол ашады.

Мамандардың айтуынша, осындай спорт алаңшаларының қолжетімді болуы жастарды зиянды әдеттерден алыстатып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі әлеуметтік белсенділікті арттырып, тұрғындар арасындағы бірлікті нығайтады.

Previous Post

Түркістанда Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық іс-шара өтті

Next Post

Түркістанда Отан қорғаушылар мен жеңіс күні мерекеленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz