gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық іс-шара өтті

6 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық іс-шара өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістандағы 5574 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери плац-концерт ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға облыстық Полиция департаменті, Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері, аумақтық қорғаныс бригадасы, Ұлттық ұлан әскерлері, ардагерлер мен жас сарбаздар қатысты. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров көпшілікті мерекемен құттықтады.
– Құрметті ардагерлер! Айбынды сардарлар мен сарбаздар! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Туған жерді қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Батыр бабаларымыз ел үшін жан қиып, тәуелсіздікті аманат етті. Сол аманатқа адал болу – бүгінгі буынның міндеті. Еліміздің тарихында ерлік пен отаншылдық қасиеттер әрдайым биік тұрған. Ел қорғанысын нығайту – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ел қауіпсіздігі мен шекарасын қас қақпай күзету, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету – жауапты әрі қастерлі міндет. Мұны тек кәсіби деңгейі жоғары, ант пен борышқа адал, ел үшін аянбайтын батыл жандар ғана атқара алады» деген болатын. Сондықтан жастарымыздың бойында отаншылдық рухты қалыптастыру – аса маңызды. Түркістан өңірінде бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазақ халқы – ежелден ер жүрек, намысты халық. Ерлік пен отаншылдық – қанымызға сіңген қасиет. Бұл қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, елдің тұтастығын сақтауға қызмет етіп келеді. Баршаңызды айтулы мерекемен тағы да құттықтаймын! Еліміздің айбыны асқақ, шекарасы берік, аспаны ашық бола берсін! Тәуелсіздігіміз мәңгілікке ұлассын! – деді Нұралхан Көшеров.
Өңір басшысы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мінсіз қызметі үшін бірқатар әскери қызметшіні марапаттады.
Отаншылдық дәріптелген іс-шарада «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Ержан Ыбыраев және «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бабай Алдабергенов құттықтау сөз сөйлеп, әскери қызметтің маңызы мен ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін атап өтті. Одан кейін облыс басшысы мен ардагерлер әскери техникаларды көріп, сарбаздармен пікір алмасты.
Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, патриоттық әндер шырқалды.
Айта кетейік, өткен жылы Түркістан облысынан 5 мыңдай жігіт әскер қатарына қосылды. Биыл да бұл үрдіс жалғасып, өңір жастары Қазақстан Қарулы күштерінің қатарын толықтырып жатыр.
Previous Post

Президент тапсырмасы: Түлкібастағы Жанұзақ ауылында жаңа медициналық пункт бой көтеруде

Next Post

Президент тапсырмасы: Таскескенде жаңа спорт алаңшасы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz