gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Созақта аудандық орталық аурухана күрделі жөндеуден өтіп жатыр

7 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Созақта аудандық орталық аурухана күрделі жөндеуден өтіп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық инфрақұрылымды жаңғырту және ауылдық жерлердегі емдеу мекемелерінің сапасын арттыруды ел дамуының негізгі басым бағыттарының бірі ретінде айқындап отыр. Президент тапсырмасына сәйкес өңірлерде ауруханалар мен емханаларды жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Бүгінде Созақ ауданында да денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бағытындағы ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жақында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков пен Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев жұмыс сапары барысында Созақ аудандық орталық ауруханасы ғимаратында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Нысанды аралау барысында мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс сапасы мен атқарылып жатқан жұмыстар егжей-тегжейлі сараланды. Сондай-ақ алдағы кезеңдерге жоспарланған жұмыстар талқыланып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы қатаң бақылауда болуы тиіс екені айтылды.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбекұлы ауданның медицина саласын дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы қосымша жоспарларымен де бөлісті. Бұл бағытта бірқатар өндіріс орындарымен келіссөздер жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Айта кетейік, аталған жоба медициналық мекеме ғимаратын толық жаңғыртып, заманауи талаптарға сай бейімдеуді көздейді. Бас мердігер – «KazBuildCo» ЖШС. Жоба «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының демеушілігі арқылы жүзеге асырылуда.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың 11 сәуірінде басталған. Жоспарға сәйкес нысан 2027 жылдың 31 қазанында толық аяқталып, пайдалануға берілмек.

Қазіргі таңда ғимараттың «В» блогында, яғни терапия бөлімінде демонтаж жұмыстары жүргізіліп, іргетас пен қабырғаларды күшейту, арматура қаңқаларын орнату және құрылыс қалдықтарын шығару жұмыстары атқарылуда. Нысан басында 30-дан астам жұмысшы мен арнайы техника жұмылдырылған.

Жалпы айтқанда, аудандық орталық аурухананы жаңғырту жұмыстары өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттырып, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Түлкібаста өндірістік аймақтарды дамытуға басымдық берілуде

Next Post

«Шексіз мүмкіндік» – білім мен еңбек арасын жалғаған жоба

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz