gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Түркістан төрінде — Бәйдібектің табиғи өнімдері

14 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Түркістан төрінде — Бәйдібектің табиғи өнімдері
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеп, бәсекеге қабілетті тауар өндіру ел экономикасының маңызды бағыттарының біріне айналған.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған әр Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, отандық өнімдердің сапасын арттыру және ұлттық брендтерді қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Осы мақсатта Түркістан өңірінде жергілікті өнімдерді қолдау мен насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері президенттерінің бейресми саммиті аясында Қолөнершілер сарайында өңірдің үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кең көлемді көрмесі ұйымдастырылуда. Ауқымды шараға өңірдің түрлі аудан-қалаларынан келген кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынуда.

Аталған маңызды көрмеде Бәйдібек ауданы атынан «AKBASTAU ONIMDERI» агроөнеркәсіп кешені өз өнімдерін таныстырды. Кәсіпорын ұсынған табиғи әрі сапалы өнімдер көрме қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырып, өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін айқын көрсетті.

Көрмеде қойылған өнімдер табиғилығымен, сапасымен және ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Бұл өз кезегінде жергілікті өндірушілердің отандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, экспорттық мүмкіндіктерін де кеңейтуге жол ашуда.

Жалпы бүгінде AKBASTAU ONIMDERI сынды кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен сапалы тауар өндіру арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді.

 

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Түлкібаста көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Next Post

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz