gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Түлкібаста көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

13 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Түлкібаста көктемгі дала жұмыстары қарқын алды
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасының негізгі драйверлерінің бірі саналатын ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше назар аударып келеді. Президент өз Жолдауларында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру бағытындағы жұмыстарды күшейтуді үнемі айтып келеді. Бүгінде Түлкібас ауданында да көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізіліп, шаруалар мол өнімнің негізін қалауда.

Биыл Түлкібас өңірінде көктемгі егіс науқаны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан диқандары уақытты тиімді пайдаланып жатыр. «Көктемнің бір күні – жылға азық» деген қағиданы берік ұстанған шаруалар бүгінде 64 мың гектар алқапқа түрлі дақылдар мен мал азығын егіп үлгерген. Оның ішінде 50 мың гектардан астам жерге көктемгі егіс жүргізілсе, 14 мың гектардан астам алқапқа күздік бидай өткен жылдан себілген.

Аудан бойынша егіс құрылымы да жүйелі түрде жоспарланған. Атап айтқанда, 15 680 гектар жерге бидай, 6 800 гектарға арпа, 11 мың гектарға майлы дақылдар егілген. Сонымен қатар 28 500 гектар алқапқа мал азықтық дақылдар орналастырылып, мал шаруашылығын дамытуға қажетті жем-шөп қорын қалыптастыру жұмыстары қолға алынған.

Бұдан бөлек, халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында 1 200 гектарға картоп, 1 500 гектарға көкөніс дақылдары егілген. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты тұрақтандыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Аталған көрсеткіштер аудан әкімі Асқар Естібаевнің төрағалығымен өткен аппараттық жиында кеңінен талқыланды. Жиын барысында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Еркебаев «Ауыл-Аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысы жөнінде баяндама жасап, саладағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Белгілі болғандай, бағдарлама аясында жоспарланған 10 жобаның бүгінде 3-еуі жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысын жандандыруда. Алдағы уақытта тағы 4 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр. Бұл ауыл кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндіктер ашып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына тың серпін бермек.

Жиында әлеуметтік мәселелер де кеңінен қаралды. Атап айтқанда, «Д» және «Е» санатындағы отбасыларды қолдау, жұмыспен қамту шаралары және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар сөз болды. Биыл аудан бойынша 3665 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған болса, қазіргі таңда 1244 адамға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, 396 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жиын қорытындысында аудан әкімі Асқар Естібаев бірқатар жұмыстардың орындалу деңгейіне сын айтып, жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану, шаруаларды жан-жақты қолдау, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту және аудан аумағындағы тазалық пен тәртіпті күшейту мәселелері басты назарға алынды.

Аудан басшысы өз сөзінде нәтижелі жұмыс пен нақты істің маңыздылығына тоқталып, әрбір жауапты тұлғаға үлкен сенім мен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Жалпы, Түлкібас ауданында жүргізіліп жатқан көктемгі дала жұмыстары мен ауыл шаруашылығын қолдау шаралары өңір экономикасының дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға оң ықпал етпек.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Бершінтөбе тұрғындары сапалы электр қуатымен қамтылады

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Түркістан төрінде — Бәйдібектің табиғи өнімдері

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz