gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы басталды

19 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай дәстүрлі облыстық спартакиада басталды. Ауқымды спорттық додаға облыс аумағынан 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысып, түрлі спорт түрлері бойынша бақ сынауда.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Мемлекеттік қызмет – елге адал қызмет ету мен халық сенімін ақтау жолындағы жауапты міндет. Осындай маңызды қызметті лайықты атқару үшін мықты денсаулық пен сергек рух қажет. Спорт – денсаулық кепілі ғана емес, ұйымшылдық пен табандылықтың, мақсаткерліктің мектебі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында бұқаралық спортты дамытуға айрықша мән беріп келеді. Президенттің қолдауының нәтижесінде елімізде дене шынықтыру және спорт саласы қарқынды дамып келеді. Өткен жылы облыста 102 спорт нысаны пайдалануға берілсе, биыл тағы 20 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл – спорт саласына көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Биылғы спартакиада аясында қатысушылар шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жүзу, шахмат, киберспорт, баскетбол 3х3 және қазақ күресі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жарыстар 19-22 мамыр аралығында Түркістан қаласындағы спорт кешендерінде өтуде.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы кубоктармен марапатталады. Сондай-ақ жекелей спорт түрлерінен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табысталады.

Айта кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік пен достық қарым-қатынасты нығайту. Сонымен қатар жарыс нәтижесінде іріктелген үздік спортшылар шілде айында өтетін мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиадада Түркістан облысының намысын қорғайды.

Previous Post

Түркістан облысында шіркейге қарсы жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Сауран ауданында балмұздақ өндіретін жаңа жоба іске аспақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz