gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Түркістанда мектеп оқушыларына «эко-трак» жобасы таныстырылды

18 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таза Қазақстан: Түркістанда мектеп оқушыларына «эко-трак» жобасы таныстырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және өскелең ұрпақтың табиғатқа жауапкершілікпен қарауы ел болашағы үшін аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы  бүгінде  осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың негізіне айналған.

Аталмыш бағдарлама аясында Түркістан қаласындағы №32 «Келешек» мектебі алаңында «Эко-Трак» жобасы таныстырылды. Бұл жоба экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу ісін кеңінен насихаттауға бағытталған.

«Эко-Трак» – KATKO компаниясының бастамасымен Созақ ауданының 5 мектебінде жүзеге асырылатын «Жасыл мектеп» бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі. Мобильді жобаның ресми таныстырылымына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, «Жасыл мектеп» жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова және БАҚ өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында Ертай Кенжебекұлы жобаның маңыздылығына тоқталып, экологиялық тәрбиенің маңызына ерекше назар аударды.

— Бүгінде экологияны сақтау, қалдықтарды тиімді кәдеге жарату – уақыт талабы. Бұл жоба балаларға қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу мәдениетін үйретуге бағытталған. Ол тек теория емес, нақты тәжірибе арқылы жүзеге асады. Оқушылар қалдықтарды қайта өңдеу процесін өз көзімен көріп, экологиялық жауапкершілікті іс жүзінде меңгереді, — деді Ертай Кенжебекұлы.

Ертай Кенжебекұлының айтуынша, мұндай бастамалар еліміздің бірнеше өңірінде сәтті жүзеге асып, мемлекеттік деңгейде қолдау тауып отыр. Ендігі кезекте жоба Созақ ауданы мектептерінде де жалғасын тауып, оқушылардың экологиялық сауатын арттыруға ықпал етпек.

Айта кетейік, іс-шара барысында №32 «Келешек» мектебінің оқушылары өз қолдарымен жасаған бұйымдар көрмесін ұсынды. Көрмеге бейнелеу өнері туындылары мен қолөнер бұйымдары қойылып, көпшілік назарына ұсынылды. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, экологиялық және эстетикалық тәрбиені ұштастыруға мүмкіндік берді.

Previous Post

Түркістанда ірі аквапарк кешенінің құрылысы басталды

Next Post

Түркістанда саммит қарсаңында асыл тұқымды иттер көрмесі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz