gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда ірі аквапарк кешенінің құрылысы басталды

18 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда ірі аквапарк кешенінің құрылысы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыруда туризм саласын дамыту мен инвестиция тартудың маңызын үнемі атап келеді. Президент өз Жолдауларында аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін заманауи инфрақұрылым қалыптастырып, халықаралық деңгейдегі туристік жобаларды жүзеге асыру қажеттігін айтқан болатын. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Түркістан облысында туризм саласын дамытуға арналған ірі жобалардың бірі – заманауи аквапарк кешенінің құрылысы басталды.

Жоба облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен шетелдік инвесторлар арасындағы келіссөздер нәтижесінде жүзеге асуда.

Түркістан қаласында бой көтеретін демалыс кешенінің жалпы аумағы 120 мың шаршы метрден асады. Жоба аясында су аттракциондары бар аквапарк аймағы, кемпинг форматындағы қонақ үй, қабылдау орталығы мен банкет залы салынбақ. Кешен отбасылық демалысты дамытуға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Аквапарктың басты ерекшелігі – жыл мезгіліне бейімделген инфрақұрылым. Жаз айларында су айдыны ретінде пайдаланылатын аумақ қыс мезгілінде картинг алаңына айналады деп жоспарланып отыр. Осылайша нысан келушілерге жыл бойы қызмет көрсетпек. Сонымен қатар мұнда биік сырғанақтар, торнадо үлгісіндегі аттракциондар, аква-қамал, кемпірқосақ сырғанағы және балаларға арналған интерактивті ойын алаңдары қарастырылған.

Жаңа туристік кешеннің құрылысы өңір экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік жасайды. Жоба Түркістан өңірімен қатар, еліміздің өзге аймақтары мен шетелден келетін туристер үшін де тартымды демалыс орнына айналады деп күтілуде.

Айта кетейік, Түркістан облысында инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасып, ірі жобаларды іске асыру қарқыны артып отыр.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Түлкібаста ауыз су жүйелері жаңартылуда

Next Post

Таза Қазақстан: Түркістанда мектеп оқушыларына «эко-трак» жобасы таныстырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz