gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Ясауи ғылыми-зерттеу институтының капсуласы салынды

16 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда Ясауи ғылыми-зерттеу институтының капсуласы салынды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми Саммиті аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Ясауи ғылыми-зерттеу институты ғимаратының капсуласын салу рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы наурыз айында Түркістан қаласына іссапары кезінде және Ұлттық құрылтайда Қожа Ахмет Яссауи мұрасын терең зерттеу, оны жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау және Түркістанды халықаралық ғылыми-рухани орталыққа айналдыру жөнінде нақты міндеттер жүктеген болатын. Аталған бастама — сол тапсырмалардың заңды жалғасы.
Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым, Түркия Республикасының Ұлттық білім министрі Юсуф Текин, Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр, Сауда министрі Өмер Болат, сондай-ақ қос елдің мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жаңа институт түркі өркениетін, сопылық ілімді, түркі халықтарының тарихи-мәдени сабақтастығын зерттейтін халықаралық ғылыми-академиялық орталыққа айналмақ. Мұнда Қожа Ахмет Яссауидің рухани-философиялық мұрасы, түркі дүниесінің тарихы, әдебиеті, мәдениеті, діні мен өркениеті кешенді түрде зерттеледі.
Институт базасында халықаралық ғылыми жобалар жүзеге асырылып, археографиялық және текстологиялық жұмыстар жүргізіледі. Сирек қолжазбалар мен тарихи деректерді жинақтау, цифрландыру және ғылыми айналымға енгізу жұмыстары қолға алынады. Сонымен қатар, отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен халықаралық конференциялар, симпозиумдар, ғылыми тағылымдамалар мен академиялық семинарлар ұйымдастырылмақ.
Алты қабаттан тұратын жаңа кешеннің жалпы аумағы 13 мың шаршы метрден асады. Ғимаратта Теология факультеті, Лингвистика орталығы, Түркология және Яссауитану ғылыми-зерттеу институттары, заманауи зертханалар, қолжазбалар музейі мен көрме орталығы орналасады.
Сонымен қатар, халықаралық конференциялар мен симпозиумдар өткізуге арналған 420 орындық конференция залы, оқу аудиториялары, ғылыми тағылымдамалар мен жас зерттеушілерге арналған арнайы алаңдар қарастырылған. Кешенді болашақта 1 500–2 000 студентке арналған заманауи білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы ретінде пайдалану жоспарланып отыр.
Жоба Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл жоба Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, Түркістанның түркі дүниесінің ірі рухани, мәдени және ғылыми орталығы ретіндегі халықаралық беделін арттыра түседі.
Previous Post

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды

Next Post

Президент тапсырмасы: Отырарлық кәсіпкер сублимацияланған табиғи өнімдер шығара бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz