gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан цифрлық даму мен жасанды интеллект бағытын күшейтеді

15 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазақстан цифрлық даму мен жасанды интеллект бағытын күшейтеді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы стратегиялық бағытына ерекше тоқталып, бұл бағыт еліміздің ұзақмерзімді дамуы үшін басымдыққа ие екенін айтты. Президенттің пікірінше, қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайында технологиялық ілгерілеу мен цифрлық трансформация мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналды.

– Қазақстан цифрлық ел болуды көздеп отыр. Бұл – еліміздің алдында тұрған стратегиялық мақсат. Осы жыл Қазақстанда «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, елімізде цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытында нақты жобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Астанада Alem.ai жасанды интеллект орталығы ашылып, екі суперкомпьютер іске қосылған. Келесі маңызды қадам ретінде «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру жоспарлануда.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жоба аймақ елдеріне жетекші технологиялық компаниялар мен жаһандық цифрлық капиталды тартуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанды өңірлік технологиялық хабқа айналдыру мақсатында көші-қон үдерісін оңтайландыру жұмыстары басталған.

– Шетелден келген кәсіпкерлерге, инвесторларға және білікті мамандарға арналған «Алтын виза» енгізілді. Мұндай виза иелері мемлекеттік және қаржылық қызметтерге Қазақстан азаматтарымен тең дәрежеде қол жеткізе алады, – деді Президент.

Мемлекет басшысы елімізде Цифрлық кодекс қабылданып, Жасанды интеллект туралы заң күшіне енгенін де ерекше атап өтті. Бұл құжаттар цифрлық экономиканы дамытуға, технологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және инновациялық экожүйені қалыптастыруға бағытталған.

Президент білім беру саласындағы цифрлық өзгерістерге де тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстанда білім беру жүйесін жаңа технологияларға бейімдеу, педагогтердің цифрлық құзыретін арттыру және оқушылардың дербес деректерін қорғау мәселесіне айрықша мән берілуде.

– Осы мақсатпен мен жақында Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл – Қазақстанның болашағы үшін жасалған маңызды қадам, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге алдағы уақытта еліміздің цифрлық даму бағытын айқындайтын Digital Qazaqstan стратегиясы қабылданатыны белгілі болды. Бұдан бөлек, Алматы қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық экономикалық және әлеуметтік комиссиясының қолдауымен Тұрақты дамуға ықпал ететін цифрлық шешімдер орталығы ашылған.

Мемлекет басшысы Қазақстанның цифрлық бастамаларын қолдап отырған халықаралық серіктестерге ризашылығын білдіріп, түркі мемлекеттері арасындағы технологиялық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ Президент наурыз айында Шымкент қаласында Түркі кеңесі сарапшыларының қатысуымен өткен «Жасанды интеллект және цифрлық даму» халықаралық конференциясына тоқталып, бұл іс-шара ортақ мүдде мен өзара ықпалдастықтың айқын көрінісі болғанын жеткізді.

Previous Post

Жасанды интеллект пен цифрландыру – түркі әлемінің жаңа даму бағыты

Next Post

Президент киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес құруды ұсынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz