gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Төлебиде екі ірі инвестициялық жоба іске асырылмақ

24 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Төлебиде екі ірі инвестициялық жоба іске асырылмақ
Share on FacebookShare on Twitter

Инвестиция тарту – Мемлекет басшысы айқындаған негізгі міндеттердің бірі. Осы орайда Президент өңір әкімдеріне инвесторлармен жұмысты жандандыруды, өндірістік жобаларды уақытылы іске қосып, пайдалануға беруді жеделдетуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірлердің өндірістік әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударып келеді.

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлары туралы кеңінен баяндады. Аудан әкімі инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтып, өндіріс, ауыл шаруашылығы, туризм және кәсіпкерлік салаларында оң көрсеткіштер қалыптасқанын атап өтті.

Әкімнің мәліметінше, өткен жылы Төлеби ауданына негізгі капиталға 52,9 млрд теңге инвестиция тартылған. Нәтижесінде нақты көлем индексі 27,1 пайызға өсіп, аудан экономикасының даму қарқыны артқан. Бұл көрсеткіш өңірдің инвестициялық тартымдылығы артып келе жатқанын аңғартады.

Өнеркәсіп саласында да бірқатар маңызды жобалар жүзеге асқан. Атап айтқанда, 2025 жылы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын «KazPlast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тігін фабрикасы іске қосылды. Кәсіпорын жылына 90 мың дана қысқы арнайы жұмыс киімдерін өндіруге қауқарлы. Жаңа өндіріс орны аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып қана қоймай, жергілікті өнеркәсіптің дамуына серпін бермек.

Алдағы уақытта да өндірістік жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. 2026 жылы жалпы құны 4 млрд теңгені құрайтын екі ірі инвестициялық жоба іске асырылмақ. Атап айтқанда, Қаратөбе ауылдық округінде «Тауэнерго» ЖШС-нің және Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде «Jasyl Quat» ЖШС-нің шағын су электр станцияларын салу көзделуде. Бұл жобалар өңірдің энергетикалық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

Ауданның инвестициялық мүмкіндігін арттыру мақсатында Киелітас ауылдық округінен 14,5 гектар аумақта «Төлеби» индустриалды аймағы құрылған. Аталған индустриалды аймақта жалпы құны 23,3 млрд теңгені құрайтын жеті инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 440 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, аудан аумағында ірі өндірістік жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Алдағы уақытта 115 млрд теңге инвестиция тарту арқылы алюминий орамдарын шығаратын зауыт салу жоспарланған. Бұл жоба іске асқан жағдайда ауданның өндірістік әлеуеті артып, экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік туады.

Ауыл шаруашылығы саласы да аудан экономикасының негізгі тіректерінің бірі саналады. 2025 жылы бұл салада өндірілген өнім көлемі 53 млрд теңгеге жеткен. Оның ішінде мал шаруашылығының үлесі 31 млрд теңгені құраса, өсімдік шаруашылығы 22 млрд теңгеге жеткен. Сонымен бірге, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда 2700 гектардан астам жерге жаңа технологиялар енгізілген.

Төлеби ауданында туризм саласын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде ауданда 256 туристік нысан жұмыс істейді. 2025 жылы ауданға 46,5 мыңнан астам турист келіп, 1,8 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. Әсіресе Біркөлік шатқалында жаңа демалыс орындары ашылып, туристік инфрақұрылым дамып келеді. Соңғы уақытта «Paradise Villas» және «SkyRest» демалыс аймақтары пайдалануға берілген. Алдағы кезеңде жалпы құны 4,1 млрд теңгені құрайтын жеті туристік нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ауданда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны да тұрақты өсіп келеді. Қазіргі таңда олардың саны 10 800-ге жеткен. Бұл салада 15 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Аудан әкімінің айтуынша, кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту және өндірісті дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Previous Post

Түркістанда ұлттық кітап күніне орай 100-ден аса кітап тегін таратылды

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Арыста аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz