gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Түркістан облысы тұрғындарының мәселелері қаралды

21 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Түркістан облысы тұрғындарының мәселелері қаралды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басты басымдықтардың бірі ретінде айқындап, мемлекеттік органдардың азаматтармен тікелей байланысын күшейтуді тапсырған болатын. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында жүйелі түрде жалғасып келеді.

Осы орайда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек өңір тұрғындарын жеке қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында тұрғындар жер телімдерін заңдастыру, олардың нысаналы мақсатын өзгерту және өзге де өзекті мәселелерді көтерді.

Қанат Қайыпбек азаматтардың әрбір өтініші назардан тыс қалмайтынын айтып, тұрғындардың мәселелерін дер кезінде әрі заң аясында шешудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар жауапты басқармаларға көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, әрбір өтініш бойынша заң талаптарына сәйкес нақты шешім қабылдауды міндеттеді.

Сондай-ақ азаматтарға уақтылы кері байланыс беру, түсіндіру жұмыстарын күшейту және тұрғындармен ашық диалог орнату қажеттігі атап өтілді. Бұл бағыттағы жұмыстар халықтың билікке деген сенімін арттырып, өңірдегі әлеуметтік мәселелердің тиімді шешілуіне ықпал етеді.

Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігі тарапынан тұрғындарды жеке қабылдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Облыс әкімі мен оның орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдап келеді. Жеке қабылдауға eOtinish бірыңғай базасы арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына барып жазылуға мүмкіндік бар.

Previous Post

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту мәселелері талқыланды

Next Post

Халық үніне құлақ асантын мемлекет: Қарғалы ауыл округінде бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz