gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асантын мемлекет: Қарғалы ауыл округінде бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асуда

21 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық үніне құлақ асантын мемлекет: Қарғалы ауыл округінде бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы ауылды көркейту, ауылдық аумақтарды дамыту мәселесіне әрдайым ерекше мән беріп келеді. Өйткені, ауылдың дамуы – елдің дамуы. Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Жақында Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Қарғалы ауыл округінің халқымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және әлеуметтік даму бағытындағы бірқатар маңызды жобалар сөз болды.

Аудан әкімінің айтуынша, Қарғалы ауыл округінде ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Бүгінде жалпы көлемі 4780 гектар жерге егіс егілген. Бұл ауыл еңбеккерлерінің белсенділігін және аграрлық сектордың әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.

Суармалы егіншілікті дамыту мақсатында Д. Алтынбеков каналының 10,7 шақырымын бетонмен қаптау жұмыстары басталған. Жоба толық аяқталған жағдайда ауылдағы ағын су мәселесін шешіп, егістік алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығы саласында да оң өзгерістер байқалады. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 11 отбасы жеңілдетілген несие алып, ауылға 116 бас ірі қара мал әкелінген. Бұл ауыл тұрғындарының табысын арттырып, жеке кәсіпкерлікті дамытуға жол ашып отыр.

Инфрақұрылым бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылған. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауыл көшелеріне асфальт төселіп, жарықтандыру жүйелері жаңартылды. Сонымен қатар балалар ойын алаңшасы салынып, елді мекеннің әлеуметтік жағдайы жақсара түсті.

Кездесу барысында аудан әкімі алдағы уақытта ауыл инфрақұрылымын одан әрі дамыту, көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру, ауыл шаруашылығы саласын күшейту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асатынын атап өтті.

Previous Post

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Түркістан облысы тұрғындарының мәселелері қаралды

Next Post

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Қоғам ауылында инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz