gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Қоғам ауылында инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр

21 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Қоғам ауылында инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған әр жылдардағы Жолдауларында елді мекендерді дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру мәселесіне ерекше тоқталып келеді. Бұл бағыттағы міндеттер бүгінде еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Айталық, Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Қоғам ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, 2026 жылға жоспарланған жобалар туралы баяндады. Кездесуде ауыл инфрақұрылымын жақсарту, жолдарды жөндеу, жарықтандыру және абаттандыру бағытындағы жұмыстар кеңінен сөз болды.

Аудан басшысының айтуынша, 2025 жылы Қоғам ауылындағы Ынтымақ көшесіне 950 метр, Мыңшұңқыр елді мекеніндегі Ә. Сарбасұлы көшесіне 1200 метр, Талапты елді мекеніндегі Атамекен көшесіне 1300 метр және Тәуелсіздік көшесіне 900 метр асфальт төселіп, пайдалануға берілген.

Сонымен қатар, көше инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жарықтандыру жұмыстары да жүргізілген. Атап айтқанда, Мыңшұңқыр ауылындағы Ә. Сарбасұлы көшесіне 2100 метр жарықтандыру жүйесі орнатылып, Қоғам ауылындағы Бескепе көшесі жарықтандырылған.

Абаттандыру бағытында да бірқатар нақты жобалар жүзеге асқан. Талапты ауылында балалар ойын алаңшалары салынып, Қоғам ауылында спорт алаңшасы ел игілігіне берілген. Бұл бастамалар ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етуде.

Сонымен қатар, Қоғам ауылының кіреберісінен бастап Арыстан баб кесенесіне дейінгі жол бойы қоршалып, Арыстанбаб кесенесі маңындағы айналма жол абаттандырылған. Бұл жұмыстар тарихи-мәдени нысандардың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

Кәсіпкерлікті қолдау бағытында да оң нәтижелер бар. 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында 6 азамат қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашқан. Нәтижесінде ауылда жаңа азық-түлік дүкендері ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылды.

Кездесу барысында аудан әкімі 2026 жылға жоспарланған жұмыстарға да тоқталды. Атап айтқанда, Қоғам ауылындағы Қ. Нарымбетов көшесі мен Мыңшұңқыр ауылындағы Көктөбе көшесіне асфальт төсеу, балалар ойын алаңшаларын салу, Талапты ауылындағы Атамекен көшесін жарықтандыру және Шәуілдір–Қоғам бағытындағы жолдарға көше жарықтарын орнату жоспарланып отыр.

Жалпы, Отырар ауданында атқарылып жатқан бұл жұмыстар Мемлекет басшысы айқындаған ауылдық аумақтарды дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сапасын арттыру жөніндегі міндеттердің нақты орындалып жатқанын көрсетеді.

Previous Post

Халық үніне құлақ асантын мемлекет: Қарғалы ауыл округінде бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асуда

Next Post

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Талаптыда «Ауыл – Ел бесігі» аясында ауқымды жобалар жүзеге асуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz