gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Талаптыда «Ауыл – Ел бесігі» аясында ауқымды жобалар жүзеге асуда

21 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Талаптыда «Ауыл – Ел бесігі» аясында ауқымды жобалар жүзеге асуда
Share on FacebookShare on Twitter

«Ауыл – бәріміздің алтын бесігіміз. Қалада туып, өмір бойы қалада тұрған қазақтың да тамыры – ауылда. Халқымыздың салт-дәстүрі, тілі мен ділі, бәрі де ауылда сақталған. Жаһандану дәуірінде қазақты сақтау үшін, ең алдымен, ауылды сақтауымыз керек, – деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыруды тапсырған кезде. Бұл сөздер ауылды дамыту – ел дамуының негізгі тірегі екенін айқындай түседі.

Жақында Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Талапты ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, ауыл аумағында атқарылып жатқан жұмыстар мен 2026 жылға жоспарланған жобалар туралы баяндады. Кездесу барысында инфрақұрылымды дамыту, жол салу, жарықтандыру және абаттандыру бағытындағы жұмыстар кеңінен сөз болды.

Аудан басшысының айтуынша, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Көкмардан ауылындағы Д. Жезмырзаев және Шытты ауылындағы Қ. Өмірзақова көшелеріне жалпы ұзындығы 2600 метр асфальт төселген. Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен Шытты және Көкмардан ауылдарындағы М. Сәрсенбаев және Қ. Серікбаев көшелеріне 1800 метр асфальт жол салынған.

Инфрақұрылымды жақсарту бағытында М. Қабылов көшесіне 1940 метр жарықтандыру жүйесі орнатылып, Шытты ауылындағы М. Құдайбергенов көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, Сарыкөл елді мекенінде ауыз су мұнарасы орнатылып, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі шешімін тапты. Көкмардан ауылында орталық аялдамаға асфальт төселіп, сахна орнатылып, «Ардагерлер саябағы» абаттандырылған.

барысында аудан әкімі атқарылған жұмыстар ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және елді мекендердің көркеюіне серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар, 2026 жылға жоспарланған жобалар да таныстырылды. Атап айтқанда, Көкмардан ауылындағы М. Қабылов көшесіне аяқ жол салу, Сарыкөл ауылында спорт алаңшасын орнату, А. Дәрібаев және С. Айнабеков көшелерін жарықтандыру, Ынталы ауылындағы көшелерге тас жол төсеу, сондай-ақ Астана және Ж. Тастанбек көшелеріне асфальт төсеу жоспарланған.

Жалпы, Талапты ауыл округінде жүзеге асырылып жатқан бұл жұмыстар ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға және елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жүйелі бастамалардың нақты нәтижесі болып отыр.

Previous Post

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Қоғам ауылында инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр

Next Post

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Қарақұм ауылында инфрақұрылымды дамыту және инвестиция тарту мәселелері талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz