gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Қарақұм ауылында инфрақұрылымды дамыту және инвестиция тарту мәселелері талқыланды

21 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Қарақұм ауылында инфрақұрылымды дамыту және инвестиция тарту мәселелері талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен іске асырылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өңірлерде халықпен кері байланысты нығайтуға бағытталған есепті кездесулер жалғасуда. Бұл бастама тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, елді мекендердегі өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік беруде.

Айталық, Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Қарақұм ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ауылда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен баяндады. Кездесу барысында ауылдық округтегі инфрақұрылым, ауызсу, жол жөндеу және абаттандыру салаларында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар тұрғындарға таныстырылды. Аудан басшысы ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Жиында Азат Оралбаев Қарақұм ауылдық округінде инвестициялық жобаларды жандандырудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, жаңа жобаларды іске асыру ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып қана қоймай, өңір экономикасының дамуына да серпін береді.

Ауызсу мәселесі де кездесудің негізгі тақырыптарының бірі болды. Аудан басшысы қазіргі таңда ауылдағы су жүйесі толық шешімін тапқанын айтып, ендігі кезекте су сапасын жақсарту бағытында нақты жұмыстар қолға алынатынын жеткізді.

— Жаңа ұңғыма іске қосылғаннан кейін ауызсудың сапасы жақсарып, су кермектілігі мәселесі толық шешімін табады, — деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, Рысқұлов және Баймахан көшелеріне жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының өтпелі жоба ретінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Бұл жұмыстар ауылішілік жолдардың сапасын жақсартып, тұрғындардың қатынасын жеңілдетуге бағытталған. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан абаттандыру жұмыстары аясында спорт алаңшасын салу мәселесі көтерілді. Өз кезегінде аудан басшысы аталған нысанды биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етпек.

Жиында тұрғындар ауыл аумағынан өндірістік парк ашу және зауыт салу жөнінде де ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетінін, инвестиция тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындары интернет байланысының сапасына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Тұрғындардың айтуынша, кейбір аумақтарда байланыс желісі әлсіз болғандықтан, интернет сапасы төмен. Аудан басшысы бұл мәселенің назарға алынатынын және тиісті мекемелермен бірлесіп шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Previous Post

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Талаптыда «Ауыл – Ел бесігі» аясында ауқымды жобалар жүзеге асуда

Next Post

Президент тапсырмасы: Ордабасында инвестиция тарту және өндіріс орындарын ашу жұмыстары жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz