gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Ордабасында инвестиция тарту және өндіріс орындарын ашу жұмыстары жүргізілуде

21 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Ордабасында инвестиция тарту және өндіріс орындарын ашу жұмыстары жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын әртараптандыру, өңірлерге инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу мәселесін мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындап келеді. Президент тапсырмасына сәйкес бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде кәсіпкерлікті қолдау, өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы бағыттағы жұмыстар Ордабасы ауданында да кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Аудан әкімі Азат Оралбаев Төрткүл ауыл округінің тұрғындарымен кездесуінде ауданға инвестиция тарту және өндірістік әлеуетті арттыру бойынша нақты жобалар қолға алынғанын мәлімдеді.

— Қазіргі таңда ауданға 10 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып отыр. Темірлан аймағынан өндірістік аймақ ашу жоспарлануда. Бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, бірнеше зауыт өз жұмысын жүргізуде, — деді аудан әкімі.

Аудан әкімінің айтуынша, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру өңір экономикасының дамуына серпін беріп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, өндіріс орындарының көбеюі ауданның экономикалық әлеуетін күшейтіп, кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға оң әсер етуде.

Сонымен қатар, кездесуде Төрткүл ауыл округінде өндірістік парк ашу бағытында да жұмыстар қолға алынуы қажеттігі айтылды. Бұл мәселе ауданның өндірістік мүмкіндігін кеңейтіп, ауылдық аумақтардың экономикалық дамуына тың серпін беру мақсатында қарастырылуда. Азат Оралбаев бұл бағыттағы жұмыстар ауыл округінің әлеуетіне қарай жүзеге асырылатынын атап өтті. Оның айтуынша, Төрткүл аумағы ауыл шаруашылығына бейім өңірлердің бірі болғандықтан, болашақта агроөнеркәсіптік бағыттағы жобаларға басымдық берілуі мүмкін.

Сондай-ақ, аудан әкімі жуырда облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері кеңінен талқыланғанын жеткізді. Кездесу барысында аграрлық саланы жаңа технологиялар арқылы дамыту, инвестиция тарту және өнім көлемін арттыру мәселелері қаралған.

Аудан басшысының айтуынша, алдағы уақытта Төрткүл ауыл округімен ауыл шаруашылығы бағытында тығыз жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде өңірдегі аграрлық сектордың дамуына және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға мүмкіндік бермек.

 

Previous Post

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Қарақұм ауылында инфрақұрылымды дамыту және инвестиция тарту мәселелері талқыланды

Next Post

Президент тапсырмасы: Бәйдібек ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz