gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Бәйдібек ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады

21 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Бәйдібек ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  халықтың тұрмыс сапасын арттыру, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту және тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесін үнемі басты назарда ұстап келеді. Президент тапсырмасына сәйкес еліміздің өңірлерінде ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ірі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асуда.

Айталық, Бәйдібек ауданы Алмалы ауылдық округіне қарасты Алмалы елді мекеніне табиғи газ беріліп, ауыл тұрғындары көптен күткен қуанышқа кенелді. Табиғи газға қосылуға арналған салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев тұрғындарды айтулы оқиғамен құттықтап, бұл игі істің халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына жайлы тұрмыс пен сапалы өмір сүруге қажетті жағдай жасау басты міндеттердің бірі екенін жеткізді.

Салтанатты жиынға ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар, жобаны жүзеге асырған мердігер мекеме қызметкерлері және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өңірлік филиалының мамандары қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.

Жобаны жүзеге асырған мердігер мекеме «KazBulidCo» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мамандардың мәліметінше, елді мекенге тартылған газ құбырының жалпы ұзындығы 9,02 шақырымды құрайды.

Аталған жоба нәтижесінде Бәйдібек ауданындағы 50 елді мекеннің 41-і, яғни 82 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр. Ал, аудан халқының 48 мың 221 тұрғынының 44 мың 486-сы немесе 92,3 пайызы көгілдір отын игілігін пайдалануға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, ауданда газдандыру жұмыстары мұнымен шектелмейді. Қазіргі таңда Қаратас, Тұрақты, Қошқарата, Кеңсай, Ақтас және Шұқыршақ елді мекендерінде газдандыру құрылыстары жүргізілуде. Бұл жобалар толық аяқталған жағдайда Бәйдібек ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Ордабасында инвестиция тарту және өндіріс орындарын ашу жұмыстары жүргізілуде

Next Post

Президент тапсырмасы: Теректі ауылында заманауи спорт зал салынуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz