gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында құрбан айт мейрамы ұлттық нақышта атап өтіледі

25 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында құрбан айт мейрамы ұлттық нақышта атап өтіледі
Share on FacebookShare on Twitter
27 мамыр – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осыған орай Түркістан облысының мешіттерінде мерекелік іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, мешіт имамдары ұлттық нақышта киініп, мерекелік дастарқан жайылып және ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов айтты.
– Құрбан айт мейрамы биыл 27-29 мамыр аралығында атап өтіледі. Құрбан шалудың уақыты 27 мамыр күні айт намазы оқылып болғаннан кейін басталса, аяқталуы 29 мамыр кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Яғни, аталмыш уақыттан тыс құрбан шалуға, уақытынан ерте және кешігіп те қалуға болмайды. Айт намазы Түркістан облысында сағат таңғы 6:00-да басталады, — деді Ержан Сматұлы.
Сондай-ақ, брифинг барысында Түркістан қаласының бас имамы Исмаил Панов құрбандыққа қандай мал жарамды екенін айтып, шаруаларды айт күндері мал бағасын тұрақты ұстауға шақырды.
– Айт мейрамында кәсіпкерлерді мал бағасын шарықтатпай, пайдаға емес, сауапқа бөленуге шақырамыз. Қала тұрғындары құрбан шалу барысында санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс. Құрбандыққа 1 жасар қой-ешкі, 2 жасар сиыр, 5 жасар түйе шалынады. Сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, құлақсыз шұнақ, мүйізі сынған болмауы керек. Әртүрлі кемшіліктерден ада, толыққанды түлік болуы тиіс. Айта кетейік, қазіргі таңда облыс орталығында 200-ге жуық мұқтаж отбасы анықталып, 21 ірі қара мал, 2 түйе мен 4 қой сойылады деп жоспарланып отыр. Алдағы уақытта бұл өсуі де мүмкін, — деді Исмаил Ыдырысұлы.
Сондай-ақ, брифингте Түркістан облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Сүндет Жүсіпбек Құрбанның айтуынша, айт мейрамы қарсаңында өңірдегі қасапшылармен арнайы жиын өтіп, оларға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Онда малды шариғат талаптарына сай сою және санитарлық талаптарды сақтау және өзге де мәселелер талқыланған.
Previous Post

Президент тапсырмасы: Түркістан жылыжай өндірісінде республикада алда келеді

Next Post

Түркістан облысында қуаты 300 мвт күн электр станциясының құрылысы жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz