gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Түркістан облысының әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады

28 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Түркістан облысының әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға облыстың қала-аудандарынан келген азаматтар коммуналдық сала, жер қатынастары, кәсіпкерлік, инфрақұрылым және әлеуметтік мәселелер бойынша өз талап-тілектерін жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басты бағыттардың бірі ретінде айқындап, тұрғындардың мәселесіне жедел әрі заң аясында жауап берудің маңызын бірнеше рет атап өткен болатын. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында да жүйелі түрде жүзеге асып келеді.

Жеке қабылдауда бірқатар азамат жер телімдерін заңдастыру және жердің нысаналы мақсатын өзгерту мәселелері бойынша көмек сұрады. Сонымен бірге кәсіпкерлер консервтік зауытты модернизациялау, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау мен қаржыландыру мәселесін көтерді. Бұдан бөлек, тұрғындар моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына кешенді зерттеу жүргізу жөніндегі жобаларын ұсынды.

Қабылдау барысында денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер де қозғалды. Атап айтқанда, тұрғындардың бірі аурухана дәрігерінің жұмысына байланысты шағымын жеткізді. Сондай-ақ коммуналдық қызмет сапасы, инфрақұрылым және өзге де әлеуметтік түйткілдер көтерілді.

Облыс әкімі әрбір мәселені мұқият тыңдап, жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне заң аясында тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар тұрғындардың өтініштері бақылауға алынып, олардың заң талаптарына сәйкес шешілуі тұрақты назарда болатынын жеткізді. Кейбір мәселелер қабылдау барысында сол мезетте оң шешімін тапты.

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі мен оның орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды тұрақты түрде қабылдап келеді. Азаматтар жеке қабылдауға eOtinish бірыңғай платформасы арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына барып жазыла алады.

Previous Post

Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында өңірдің даму динамикасына жоғары баға берілді

Next Post

Сарыағаштағы ауыз су мәселесі заң аясында шешілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz