gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Түркістан облысында кітапханаларда «Оқитын ұрпақ – зерделі ұлт» атты жаңа жоба іске асырылмақ

28 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Түркістан облысында кітапханаларда «Оқитын ұрпақ – зерделі ұлт» атты жаңа жоба іске асырылмақ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі қоғамда әлеуметтік желідегі мазмұнды да, мазмұнсыз ақпараттың да күн санап артуы адамзаттың рухани тұтыну мәдениетіне айтарлықтай әсер етіп отыр. Балалар ғана емес, ересектердің өзі де виртуалды кеңістіктегі жеңіл контентке әуестеніп бара жатқаны – қоғамдағы маңызды мәселелердің біріне айналды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде кітап оқудың маңызын ерекше атап өткен болатын.

– Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айырылдық. Соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды, – деген еді Президент.

Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар Түркістан облысында да қарқынды жүргізілуде. Өңірдегі кітапханалар желісі тұрғындардың рухани сұранысын өтеуге, білім мен мәдениетті дамытуға, оқырман мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды орталыққа айналып отыр.

Бүгінде Түркістан облысында 390 мемлекеттік кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Облыстағы жалпы кітап қоры 6 миллионнан аса дананы құрайды. Жыл басынан бері кітапханаларға 181 728 оқырман тіркеліп, оларға 3 миллионға жуық кітап берілген. Сонымен қатар, кітапханаларда 5 447 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, оған 151 832 адам қатысқан. Бұл көрсеткіштер өңір тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығы әлі де жоғары екенін аңғартады.

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы өңірдегі ірі рухани-мәдени орталықтардың бірі ретінде ерекше маңызға ие. Мұнда тек кітап оқу ғана емес, заманауи мәдени-танымдық қызмет түрлері де дамыған. Атап айтқанда, «Атамұра» қолөнер үйірмесі, «Сандық» шеберханасы, «Фараб» кинозалы, 400 орындық концерттік зал және подкаст жазуға арналған заманауи студия тұрақты жұмыс істейді.

Кітапхана тек облыс орталығында ғана емес, шалғай елді мекендерде де қолжетімділікті арттыруға күш салуда. Қазіргі таңда Түркістан қаласы бойынша 9 жылжымалы кітапхана пункті жұмыс істейді. Олар әкімдік, сауда орталығы, жастар орталығы, әскери бөлім, аурухана және оңалту орталықтары сияқты халық көп шоғырланатын орындарда орналасқан. Бұл бастама кітапты оқырманға жақындату арқылы рухани қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, кітапхана әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтармен де белсенді жұмыс жүргізуде. Мәселен, Төлеби ауданындағы №55 түзету мекемесіне 488 дана кітап сыйға тартылып, сотталған азаматтарды кітап оқуға баулу жобасы жүзеге асырылған. Мұндай жобалар кітаптың тек білім көзі ғана емес, тәрбиелік құрал екенін де айқындайды.

Өңірдегі 38 білім беру ұйымымен тығыз байланыс орнатылып, оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту бағытында бірлескен жобалар іске асырылуда. «Бір ел – бір кітап» акциясы, «Түркістанның таңдаулы туындысы» жобасы, «Мұқағали оқулары», «Өнегелі өмір – өшпес мұра» байқауы және балаларға арналған республикалық әдеби бастамалар жүйелі түрде өткізіліп келеді.

Алдағы уақытта «Оқитын ұрпақ – зерделі ұлт» атты 2027 жылға дейінгі жаңа жобаны іске асыру жоспарланған. Жоба аясында оқу марафондары, әдеби-танымдық байқаулар және электронды тестілеу форматындағы іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Негізгі мақсат – жастардың кітапқа қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту және қоғамда тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

Жалпы, Түркістан облысында кітапхана ісін дамытуға бағытталған жұмыстар қоғамның рухани жаңғыруына серпін беріп отыр. Кітапқа бет бұрған ұрпақ – терең ойлы, зерделі ұлттың кепілі екені сөзсіз.

Previous Post

Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында өңірдің даму динамикасына жоғары баға берілді

Next Post

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Түркістан облысының әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz