gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Түркістанда тұңғыш рет агродрон өндірісі іске қосылды

2 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Түркістанда тұңғыш рет агродрон өндірісі іске қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестиция тарту және ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Президент айқындаған міндеттерді жүзеге асыру бағытында Түркістан облысында жаңа өндіріс орындарын ашу, инновациялық жобаларды қолдау және жоғары технологиялы кәсіпорындарды іске қосу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Осы орайда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес өңірде өндірістік парктер құру, жаңа зауыттар ашу және инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар қарқын алған. Нәтижесінде өндіріс орындарының саны артып, өңір экономикасын әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашылуда.

Сол бастамалардың аясында Түркістанда ауыл шаруашылығына арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыратын «Avatar Agricultural Technology Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз жұмысын бастады. Кәсіпорын агросаланы цифрландыруға бағытталған заманауи технологияларды енгізіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға үлес қоспақ.

Зауытта құрастырылатын агродрондар егістік алқаптарына дәрі себуге арналған. Бір құрылғы 70 литрге дейін сұйықтық көтеріп, 5 гектарға дейінгі жер аумағын өңдей алады. Құны шамамен 20 мың АҚШ долларын құрайтын дрондар сатылымға да, жалға беруге де ұсынылады.

Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 500 дана дрон шығаруға жетеді. Қазіргі таңда қажетті бөлшектер Қытай Халық Республикасынан жеткізілуде. Алдағы кезеңде компания қосалқы бөлшектерді жергілікті өндірушілерден сатып алу мүмкіндігін қарастыруда.

Компания 2019 жылы Қытайда құрылған болса, 2025 жылдан бастап Қазақстан нарығына қадам басты. Қысқа мерзім ішінде кәсіпорынға 20-ға жуық тапсырыс түскен. Сонымен қатар келесі жылдан бастап өрт сөндіруге және жүк тасымалдауға арналған жаңа үлгідегі дрондарды шығару жоспарланып отыр.

Бүгінде зауытта төрт маман еңбек етеді. Бір дронды құрастыруға небәрі үш сағат уақыт жұмсалады. Өндіріс көлемі мен тапсырыстар санының артуына байланысты алдағы уақытта жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту көзделген.

«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Бекжан Бисенбаевтың айтуынша, агродрондарды пайдалану ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттырып, өндіріс тиімділігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Сауран ауданының Шаға ауылдық округінде орналасқан өндірістік парк аумағында 19 зауыт жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін тағы екі кәсіпорынды іске қосу жоспарланған. Бұл жұмыстар өңірдің индустриялық әлеуетін арттырып, жаңа өндірістерді дамытуға және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға серпін береді.

Previous Post

Түркістан облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу жұмыстары күшейтілді

Next Post

Түркістан облысында 1100 тонна қауын мен қарбыз жиналды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz