gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысында халықты еңбекпен қамту бағытындағы жұмыстар жанданады

2 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысында халықты еңбекпен қамту бағытындағы жұмыстар жанданады
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында халықты тұрақты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек нарығын дамыту және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейту мәселелерін мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындап келеді. Президент тапсырмаларына сәйкес өңірлерде еңбек қатынастарын заңдастыру, жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және жастардың еңбек нарығына бейімделуіне қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту саласындағы жұмыстарды жандандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Облыс әкімдігінде өткен апталық аппараттық мәжілісте осы бағыттағы атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы міндеттер кеңінен талқыланды.

Мәжілісте облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

– Өңірімізде жаңа өндіріс орындары мен зауыттар іске қосылып жатыр. Сол кәсіпорындарға жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру мәселесін жүйелі түрде үйлестіру қажет. Жауапты басқармалар, аудан және қала әкімдіктері, «Мансап» орталықтары бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтсін. Тұрғындарға зауыттарға экскурсиялар ұйымдастырып, жұмыс орындары туралы кеңінен ақпарат беріп, олардың тұрақты еңбекпен қамтылуына жағдай жасау керек. Сонымен қатар кәсіпорындардың міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аударуын, электронды еңбек шарттарының рәсімделуін және жазатайым оқиғалардан сақтандыру талаптарының орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажет, – деді облыс басшысы.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлының мәліметінше, өңірде еңбек қатынастарын заңдастыру, әлеуметтік төлемдердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Нәтижесінде электронды еңбек шарттарын тіркеу бойынша жоспарланған 11 509 адамның 8 485-імен еңбек шарттары электронды форматта рәсімделген. Бұл жұмыстарға облыс бойынша 2 964 мекеме қатысып отыр. Көрсеткіштерді арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Міндетті зейнетақы жарналарын аудару бойынша да оң нәтижелер байқалады. Қазіргі таңда облыс көлеміндегі 9 743 мекеме 47 431 азамат үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған. Бұл азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейтіп, болашақтағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне толыққанды қатысуына мүмкіндік береді.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шаралары да жүзеге асырылуда. Бүгінде 308 мекемеде тиісті сақтандыру шарттары рәсімделген.

Жастарды жұмыспен қамту мәселесі де ерекше назарда. Облыста жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар арасынан анықталған NEET санатындағы жастармен тұрақты түрде түсіндіру және жұмыспен қамту шаралары жүргізілуде.

Аппараттық мәжіліс қорытындысында халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейту, электронды еңбек шарттарын толық рәсімдеу, міндетті зейнетақы жарналары мен сақтандыру шарттарының заң талаптарына сәйкес орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ NEET санатындағы жастарды белсенді жұмыспен қамту бағдарламаларына кеңінен тарту жөнінде нақты міндеттер белгіленді.

Өңірде жүзеге асырылып жатқан бұл жұмыстар халықтың әл-ауқатын арттыруға, еңбек нарығын дамытуға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Previous Post

Өңірдегі ауа-райының жауын-шашынды болуына «Жасанды жаңбыр» жобасының қатысы жоқ

Next Post

Түркістан облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу жұмыстары күшейтілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz