gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Жетісай қарбызы нарықты бағындыруда

30 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Жетісай қарбызы нарықты бағындыруда
Share on FacebookShare on Twitter

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды тіректерінің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық саланы дамытуға ерекше назар аударып келеді. Президент өз сөзінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырумен қатар, экспорттық әлеуетті күшейтудің маңыздылығына тоқталып, отандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігін атап өткен болатын.

Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесі бүгінде еліміздің басты аграрлық өңірлерінің бірі саналатын Жетісай ауданында айқын көрініс табуда. Аудан диқандары ерте көктемнен бастап маңдай термен өсірген бақша өнімдерінің алғашқы өнімдерін жинауға кірісіп, мол өнімге қол жеткізуде.

Қазіргі таңда Жетісай ауданында бақша өнімдерін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Әсіресе, ерте піскен қарбыздарға сұраныс жоғары. Бір аптаның ішінде егістік алқаптарынан 200 тоннадан астам қарбыз жиналып, еліміздің ірі қалаларына және көршілес Ресей Федерациясының сауда нарықтарына жөнелтілген.

Шаруалардың айтуынша, алғашқы өнімнің сапасы жоғары әрі нарықтағы бағасы да көңіл қуантады. Бұл өз кезегінде диқандардың табысын арттырып қана қоймай, ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Жетісай ауданы – республикадағы суармалы егіншілігі дамыған өңірлердің бірі. Биыл аудан шаруалары 80 мың гектарға жуық суармалы жерді игеріп отыр. Оның ішінде 44 мың гектарға мақта шиті себілсе, 17,1 мың гектар жерге бақша дақылдары егілген. Сонымен қатар, 7,5 мың гектарға дәндік жүгері, 3,7 мың гектарға көкөніс және 6,4 мың гектар алқапқа жоңышқа орналастырылған.

Өткен жылы бақша дақылдары 16,9 мың гектар жерге егілсе, оның 3 мың гектарын қарбыз алқабы құраған болатын. Ал, биыл бақша дақылдарының көлемі 17,1 мың гектарға жетіп, оның ішінде қарбыз егістігінің көлемі бұрынғыдай 3 мың гектарды құрап отыр.

Қарбыз егу көлемі өзгермегенімен, өнімділік көрсеткіштері айтарлықтай жақсарған. Бұған ағын судың қажетті мөлшерде және уақытылы берілуі, агротехникалық талаптардың сақталуы, сондай-ақ заманауи технологиялардың тиімді қолданылуы оң әсер еткен. Нәтижесінде, ерте піскен өнім молынан жиналып, шаруалардың үмітін ақтауда.

Бүгінде жетісайлық диқандар өнім жинау қарқынын арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуға күш салуда. Олар ішкі нарықты сапалы әрі табиғи өніммен қамтамасыз етумен қатар, шетелдік нарықтардағы қазақстандық өнімнің үлесін көбейтуді көздейді.

Мамандардың пікірінше, бақша өнімдерін экспорттау ауыл шаруашылығының дамуына тың серпін береді. Сонымен бірге, бұл бағыт ауыл тұрғындарын маусымдық және тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасап, ауыл экономикасының дамуына оң ықпалын тигізуде.

Previous Post

Түркістан мен Ташкент – бауырлас өңірлер

Next Post

Президент тапсырмасы: Кентаулық көпбалалы ана мемлекеттік грантпен жылыжай шаруашылығын дамытуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz