gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Кентаулық көпбалалы ана мемлекеттік грантпен жылыжай шаруашылығын дамытуда

30 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Кентаулық көпбалалы ана мемлекеттік грантпен жылыжай шаруашылығын дамытуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет қолдауымен кәсіп ашып, тынымсыз еңбектің арқасында өз ісін дөңгелетіп отырған азаматтардың қатары жыл сайын артып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнестің, әсіресе ауылдық жерлердегі кәсіпкерліктің маңызы зор екенін үнемі атап келеді. Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу мен тұрғындардың табысын көбейтуге ерекше көңіл бөлуде.

Осындай мемлекеттік қолдаудың игілігін көріп отырғандардың бірі – Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Ойдин Бабаханова. Ол мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, жылыжай шаруашылығын қолға алған. Бүгінде кәсібін табысты жүргізіп отырған кәсіпкер алғашқы өнімін жинауға кірісіп, еңбегінің жемісін көруде.

Кәсіпкер ерте көктемде жылыжайға қызанақ көшеттерін отырғызып, өнімді күтіп-баптауға ерекше мән берген. Қазіргі таңда қызанақтар толық пісіп-жетіліп, алғашқы өнімдер жинала бастады. Алдағы уақытта өнімдерді Түркістан және Кентау қалаларының сауда орындары мен нарықтарына жеткізу жоспарлануда.

Жылыжайдың жалпы көлемі 10 сотық жерді алып жатыр. Мамандардың болжамынша, алғашқы маусымның өзінде мұнда 10 тоннадан астам қызанақ өнімі жиналады. Бұл бір жағынан ішкі нарықты сапалы көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Ойдин Бабаханова жылыжай шаруашылығын отбасылық кәсіпке айналдырған. Бүгінде отбасының барлық мүшесі ортақ іске атсалысып, өнімді күтіп-баптау мен жинау жұмыстарына белсенді қатысуда. Оның айтуынша, мемлекеттік грант жаңа бастаманы жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік берген.

– Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау өз кәсібімді бастауыма жол ашты. Бұрыннан жылыжай шаруашылығымен айналысуды жоспарлап жүргенмін. Грант қаражаты қажетті құрал-жабдықтар мен көшеттер алуға көмектесті. Қазір еңбегіміздің нәтижесін көріп отырмыз. Алдағы уақытта жылыжай көлемін ұлғайтып, өнім түрлерін көбейтуді көздеп отырмыз, – дейді кәсіпкер.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетіліп жатқан мұндай қолдаулар ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысуына жол ашып, олардың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік беруде. Әсіресе, көпбалалы аналардың өз кәсібін бастап, табыс көзін қалыптастыруы – мемлекеттік қолдау шараларының нақты нәтижесі.

Қарнақ ауылындағы бұл бастама ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, жергілікті нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге және ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға үлес қосып отыр.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Жетісай қарбызы нарықты бағындыруда

Next Post

Таза Қазақстан: Қазығұртта жалпыаудандық сенбілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz