gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Сарыағашта 7 мың тұрғынды ауыз сумен қамтитын ірі жоба жүзеге асуда

28 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Сарыағашта 7 мың тұрғынды ауыз сумен қамтитын ірі жоба жүзеге асуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударуды үнемі тапсырып келеді. Президент өз сөзінде: «Алғашқы мәселе – тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, жол мәселесін, ауыз су мәселесін реттеу. Әрбір үйде ауыз су болуы керек», — деп атап өткен болатын. Бұл міндет еліміздің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары қарқын алуда.

Осы бағыттағы ауқымды жобалардың бірі Сарыағаш ауданына қарасты Ақжар ауылдық округінде жүзеге асырылуда. Бүгінде ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылымдық жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

Жақында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округінде атқарылып жатқан құрылыс нысандарын аралап, жобалардың орындалу барысымен танысты. Аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аударып, мердігер мекемелерге анықталған кемшіліктерді дер кезінде түзету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, барлық жұмыстардың белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқталуын қатаң бақылауда ұстауды міндеттеді.

Қазіргі таңда ауылдық округте ауыз су жүйесін тарту жұмыстары қызу жүргізілуде. Жоба аясында су қоймасын қоршау, диаметрі 110 және 160 миллиметр болатын ауыз су құбырларын жүргізу, сондай-ақ су құдықшаларын орнату жұмыстары қолға алынған. Бүгінге дейін жалпы ұзындығы 30 шақырым ауыз су құбыры тартылып, 150 дана су құдықшасы орнатылған.

Мамандардың айтуынша, жоба толық аяқталған кезде Ақжар елді мекеніндегі 7 мыңға жуық тұрғын сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтылады. Бұл ауыл халқының тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және әлеуметтік әл-ауқаттың көтерілуіне оң ықпал етпек.

Ақжар ауылдық округінде ауыз сумен қамту мәселесімен қатар тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар да қатар жүргізілуде. Атап айтқанда, елді мекеннің жеті көшесінде заманауи көше жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары толық аяқталды. Жоба аясында жалпы ұзындығы 5,8 шақырым аумаққа 170 дана жарық шамы орнатылып, ауыл көшелері жарықтандырылды. Бұл тұрғындардың кешкі уақытта еркін жүріп-тұруына мүмкіндік беріп, қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға септігін тигізуде.

Сонымен бірге, ауданның келбетін жақсарту мақсатында Қазығұрт ауданымен шектесетін аумақта орналасқан кіреберіс қақпа, яғни төлқұжат нысанын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда нысанның іргетасын құю, баспалдақ орнату және тас қаптау жұмыстары атқарылуда. Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң ауданның сәулеттік келбеті айшықталып, өңірдің көркіне көрік қосатын маңызды нысандардың біріне айналмақ.

Түйіндей келгенде, Сарыағаш ауданында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларының нақты көрінісі болып табылады. Әсіресе, ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту, көшелерді жарықтандыру және елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуде.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Ордабасы ауданында жол құрылысы қарқынды жүргізілуде

Next Post

Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында өңірдің даму динамикасына жоғары баға берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz