gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Сауранда жаңа футбол және ойын алаңшасы пайдалануға берілді

26 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Сауранда жаңа футбол және ойын алаңшасы пайдалануға берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде елімізде бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде балалар мен жастардың спортпен айналысуына барлық жағдай жасалуы қажет екенін атап өтіп, бұл ұлт саулығы мен ел болашағына салынған маңызды инвестиция екенін айтқан болатын. Осыған орай, аталған бағыттағы жұмыстар өңірімізде жүйелі түрде жүзеге асырылып, тұрғындардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалуда.

Айталық, Сауран ауданында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріліп отыр. Соның жарқын мысалы ретінде Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ибата елді мекенінде қолға алынған ауқымды жобаларды атауға болады.

Жуырда Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров жұмыс сапарымен Ибата ауылына барып, елді мекенді электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы жауапты мердігер мекемелермен кездесіп, жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Қазіргі таңда ауылды электрлендіру жобасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жоба бойынша 2339 дана электр бағанасын орнату және жалпы ұзындығы 57,6 шақырым электр желісін тарту көзделген. Сонымен қатар, 18 трансформатор орнату жоспарланған. Нәтижесінде 1289 абонент тұрақты әрі сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Мамандардың мәліметінше, құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба толық іске асқан соң тұрғындардың тұрмыс сапасы артып, әлеуметтік нысандар мен кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне қолайлы жағдай қалыптасады.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысандардың ашылу рәсіміне де қатысты. Атап айтқанда, Ибата елді мекенінде жаңа футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.

Жоба аясында аумағы 800 шаршы метр болатын заманауи футбол алаңы және 150 шаршы метрді құрайтын балалар ойын алаңшасы салынды. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген бұл нысандар ауыл балалары мен жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен тұрақты шұғылдануына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Спорттық және ойын алаңдарының ашылуы ауыл тұрғындары тарапынан зор қуанышпен қабылданды. Себебі мұндай нысандар жас ұрпақтың дене тәрбиесін жетілдіруге, олардың белсенділігін арттыруға және түрлі спорттық шараларды өткізуге қолайлы жағдай жасайды.

Салтанатты шарадан кейін ауыл жастары арасында жолдастық футбол кездесуі ұйымдастырылып, қатысушылар жаңа алаңның мүмкіндіктерін сынап көрді.

Previous Post

Түркістан облысында нөсер жауыннан кейінгі жағдай бақылауда әрі тұрақты

Next Post

Президент тапсырмасы: Сарыағашта қуаттылығы 5 МВт шағын электр станциясының құрылысы жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz