gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Келесте Ұшқын, Достық және Қоралас елді мекендерін тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көзделуде

1 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Келесте Ұшқын, Достық және Қоралас елді мекендерін тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көзделуде
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде елімізде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту және азаматтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз тапсырмаларында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін ең алдымен жол, ауыз су, газ және денсаулық сақтау салаларындағы түйткілдерді шешудің маңыздылығын үнемі атап өтеді.

Осы бағыттағы жұмыстар Келес ауданында да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Жуырда аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев Ұшқын ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен баяндады.

Кездесу барысында аудан басшысы бүгінде ауылдық округ аумағында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен орындалуда.

Атап айтқанда, қазіргі таңда Достық және Қоралас ауылдарын табиғи газбен қамту құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоба толық іске асқаннан кейін аталған елді мекен тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп, тұрмыстық жағдайлары едәуір жақсарады. Табиғи газбен қамту халықтың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, экологиялық ахуалдың жақсаруына және тұрғындардың тұрмыстық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында да нақты жұмыстар қолға алынған. Достық ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға беріліп, тұрғындарға алғашқы медициналық көмекті қолжетімді етуге жағдай жасалды. Бұл ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алуына және ана мен бала денсаулығын қорғауға оң әсерін тигізбек.

Ал, Ұшқын елді мекеніндегі отбасылық дәрігерлік емханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасы жақсартылды. Жаңартылған емхана тұрғындарға заманауи талаптарға сай қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында аудан әкімі өңірдегі ең өзекті мәселелердің бірі саналатын ауыз су тапшылығын шешу бағытындағы жұмыстарға ерекше тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда халықты тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Зах» каналынан магистральды су құбырын тарту жобасы қолға алынған. Жоба аясында Ұшқын, Достық және Қоралас елді мекендерін тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Бұл бастама жүзеге асқан жағдайда мыңдаған тұрғын үшін маңызды мәселе шешімін тауып, халықтың тұрмыс деңгейі айтарлықтай жақсарады.

Previous Post

Түркістанда Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының заманауи ғимараты ашылды

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Мақтааралда мақта мен өсімдік майын өндіретін заманауи зауыт бой көтермек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz