gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Мемлекеттік грант темірәлінің кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік берді

31 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Мемлекеттік грант темірәлінің кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік берді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетіктерінің бірі ретінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды, азаматтардың кәсіп бастауына қолдау көрсетуді үнемі назарда ұстап келеді. Әсіресе, әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау, олардың экономикалық белсенділігін арттыру және тұрақты табыс көзін қалыптастыру бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың маңызы зор. Осындай қолдаудың игілігін көрген азаматтардың бірі – Ордабасы ауданына қарасты Шұбар ауылының тұрғыны Темірәлі Полатов.

Ол 2025 жылы ІІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грантты жеңіп алып, көптен бергі арманын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Темірәлі Полатов мемлекеттік қолдаудың арқасында көлік бояу және техникалық қызмет көрсету бағытында жеке кәсібін ашып, өз ісін бастады. Бүгінде ол заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, автокөліктерді жөндеу және бояу қызметтерін көрсетіп келеді.

Кәсіпкердің айтуынша, мемлекеттік грант оның кәсібін бастауына үлкен серпін берген. Қайтарымсыз қаржыға қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасалған. Нәтижесінде, ол өз кәсібін тұрақты табыс көзіне айналдырып қана қоймай, ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік алған.

Қазіргі таңда Темірәліге көліктерін жөндету немесе сырлату үшін келетін тұрғындардың қатары артып келеді. Оның жауапкершілікпен атқаратын жұмысы мен сапалы қызметі жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болуда. Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының басты мақсаты – азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту. Әсіресе, еңбекке қабілеттілігі шектеулі азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласып, өз кәсібін жүргізуіне мүмкіндік беру әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып саналады.

Қорыта айтқанда, Темірәлі Полатовтың еңбекқорлығы мен табандылығы көптеген азаматтарға үлгі болып, кәсіп бастауға ниетті жандарға жігер береді. Жалпы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан гранттық қолдау шаралары азаматтардың кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға, халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды тетік болып қала береді. Ал, Темірәлі секілді кәсіпкерлердің табысты тәжірибесі мұндай бағдарламалардың тиімділігін айқын көрсетіп отыр.

 

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Сайрамда май өндіретін жаңа зауыттың құрылысы қарқын алды

Next Post

Ордабасыда Қажымұқан рухы ұлықталған дүбірлі дода өз мәресіне жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz