gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Сайрамда май өндіретін жаңа зауыттың құрылысы қарқын алды

31 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрам ауданында жаңа құрылыс аумақтарына желі тарту жобалары дайын
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін еліміздің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындап келеді. Осыған сәйкес өңірлерде өндіріс орындарын көбейту және кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.

Сайрам ауданында да өндірістік әлеуетті арттыруға бағытталған маңызды инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен қолға алынуда. Солардың бірі – Манкент ауылдық округінде жүзеге асырылып жатқан май өндіретін «ИП Табыс» зауытының құрылысы. Жақында аудан әкімі Мадияр Оразалиев аталған өндірістік нысанның жобасымен танысып, құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Жауапты мамандар аудан басшысына кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы, құрылыс кезеңдері және болашақтағы жұмыс жоспары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Жобаның жалпы инвестициялық құны 1,2 миллиард теңгені құрайды. Жоспар бойынша кәсіпорын 2026 жылдың соңына дейін толық іске қосылады. Өндіріс орны пайдалануға берілгеннен кейін 40 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасалады. Кездесу барысында аудан әкімі инвестициялық жобаларды белгіленген мерзімде және сапалы жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту аудан экономикасының өсіміне тікелей ықпал ететінін атап өтті.

Жаңа зауыт іске қосылғаннан кейін өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға өзіндік үлесін қоспақ. Атап айтқанда, жергілікті шикізатты терең өңдеу мүмкіндігі артып, қосылған құны жоғары өнім өндіруге жол ашылады. Бұл өз кезегінде өңделген өнім көлемін ұлғайтып, ауданның өндірістік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, кәсіпорынның жұмысы ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, жергілікті шаруалар үшін жаңа нарық қалыптастыруға жағдай жасайды. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібі арасындағы байланыс нығайып, өңір экономикасының тұрақты дамуына серпін береді.

Бүгінде Сайрам ауданында инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлерді қолдау және жаңа өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Манкент ауылдық округіндегі май өндіретін зауыт жобасы – осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі. Алдағы уақытта мұндай инвестициялық жобалардың саны артып, жаңа кәсіпорындардың ашылуы аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге оң ықпал етпек.

 

Previous Post

Таза Қазақстан: Сайрам ауданында кезекті сенбілік өтті

Next Post

Президент тапсырмасы: Мемлекеттік грант темірәлінің кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz