gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Сарыағаш ауданында жұмыспен қамту жұмыстары жүйелі жалғасуда

3 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Сарыағаш ауданында жұмыспен қамту жұмыстары жүйелі жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Ел Президенті атап өткен жұмыссыздықпен күрес міндеттері еліміздің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар Сарыағаш ауданында да жүйелі түрде жүргізілуде.

Осы мақсатта Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округі әкімінің аппаратында өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы мәселесі бойынша жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары иелерімен кездесу өткізді.

Жиынға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, «Мансап» орталығының басшысы Ақмарал Әуезова, Дарбаза ауылдық округінің әкімі Мұхит Доспулов, сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында аудан көлеміндегі жұмыспен қамту көрсеткіштері жан-жақты сараланып, өңірлік жұмыспен қамту картасында белгіленген міндеттердің орындалу барысы талқыланды. Сонымен қатар, жаңадан құрылатын жұмыс орындарының жоспары, жұмыссыз азаматтарды тұрақты еңбекке орналастыру тетіктері және мемлекеттік бағдарламалар аясында ұсынылатын мүмкіндіктер кеңінен сөз болды.

Жиында еңбек нарығындағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударылып, жұмыс берушілердің жауапкершілігі де көтерілді. Аудан басшысы өңірлік жұмыспен қамту картасында көрсетілген міндеттемелерді сапалы әрі уақытылы орындаудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа жұмыс орындарын құру – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары басшыларының да ортақ міндеті.

Кездесу барысында мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану, жастарды және жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа еңбек орындарын ашу мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, тұрғындарды кәсіптік оқыту, қайта даярлау және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға бағыттау жұмыстарының маңыздылығы айтылды.

Арман Абдуллаев аудан экономикасының тұрақты дамуы үшін еңбек нарығындағы белсенділікті арттырудың ерекше мәнге ие екенін жеткізді. Ол тұрғындарды тұрақты табыс көздерімен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын көбейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Бүгінде жұмыспен қамту мәселесі әлеуметтік тұрақтылықтың басты көрсеткіштерінің бірі саналады. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру және халықтың ақпараттану деңгейін көтеру – уақыт талабы. Сарыағаш ауданында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар осы міндеттердің сапалы орындалуына негіз болып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қоспақ.

Previous Post

Сайрамда алғашқы заманауи кинотеатр бой көтереді

Next Post

Түркістан қаласында 512 отбасы баспаналы болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz