gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрамда алғашқы заманауи кинотеатр бой көтереді

3 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Биыл Сайрам ауданында 21 жоба жүзеге асырылып, 1232 адам жұмыспен қамтылатын болады
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді кешенді дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, халықтың әл-ауқатын арттырумен бірге мәдени-рухани және ойын-сауық инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Осыған орай Түркістан облысында тұрғындардың сұранысына сай әлеуметтік және коммерциялық мақсаттағы жаңа нысандар бой көтеруде.

Осындай маңызды жобалардың бірі Сайрам ауданында жүзеге аспақ. Жуырда аудандағы алғашқы заманауи кинотеатрды қамтитын ойын-сауық кешенінің құрылысы басталатыны белгілі болды. Бұл жоба аудан тұрғындарының көптен бергі сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.

Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде және тұрғындармен өткен кездесулер барысында аудан халқы кинотеатрдың қажеттілігі жөнінде ұсыныстарын жиі айтып келген болатын. Аудан тұрғындарының бұл тілегі назарға алынып, Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиевтің тапсырмасымен инвесторлар тартылып, жаңа нысанның құрылысын жүзеге асыру жөнінде нақты жұмыстар қолға алынды.

Жобаның жалпы құны 2,5 миллиард теңгені құрайды. Инвестициялық жоба толық іске асқаннан кейін аудан тұрғындары мен қонақтарына заманауи талаптарға сай демалыс және ойын-сауық қызметтері ұсынылады.

Төрт қабаттан тұратын ойын-сауық кешенінде заманауи кинотеатр залдары, балаларға арналған ойын алаңшалары, фуд-корт аймағы және түрлі сауда орындары орналастырылады. Кешен тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, жастар мен отбасылар үшін тартымды демалыс орнына айналмақ.

Сонымен қатар, жаңа нысанның ашылуы ауданның инвестициялық тартымдылығын арттырып, кәсіпкерліктің дамуына серпін береді. Құрылыс кезеңінде және нысан пайдалануға берілгеннен кейін де жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік тумақ. Жоспар бойынша ойын-сауық кешені Әйтеке би ауылында, халыққа қызмет көрсету орталығының маңында орналасады. Нысанның қолайлы жерде бой көтеруі тұрғындардың кешен қызметтерін еркін пайдалануына жағдай жасайды.

Түйіндей келгенде, Сайрам ауданында жүзеге асырылатын бұл жоба тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыруға, қызмет көрсету саласын дамытуға және ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып саналады.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысының өңірлік кеңесі Кентау мен Сауран бизнесмендерін жеке қабылдады

Next Post

Президент тапсырмасы: Сарыағаш ауданында жұмыспен қамту жұмыстары жүйелі жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz