gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Дарбаза ауылдық округі газдандырылады

4 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Дарбаза ауылдық округі газдандырылады
Share on FacebookShare on Twitter

Халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету маңызды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың тұрмысын жақсартуға бағытталған жобалар әрдайым мемлекет назарында болуы тиіс екенін атап өтіп келеді.

Президент жүктеген міндеттер аясында Сарыағаш ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның бірі – Дарбаза ауылдық округіне қарасты елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жобасы.

Осыған орай, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіндегі табиғи газ тарту жұмыстарының барысымен танысып, құрылыс нысандарында атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс қарқынын күшейтуді, жұмыстардың сапасын қатаң бақылауда ұстауды және жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Қазіргі таңда Дарбаза ауылдық округіне қарасты Тасқұдық, Құрысай және Сарысу елді мекендерінде табиғи газ құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мамандардың мәліметінше, құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталған.

Жоба толық іске асқаннан кейін Тасқұдық, Құрысай және Сарысу елді мекендерінің тұрғындары табиғи газ игілігін пайдалануға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

Аталған жобаның мердігері – «Ынтымақ-ОК» ЖШС. Ал, тапсырыс беруші – Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.

Previous Post

Түркістан облысында 794 елді мекен бас жоспармен қамтылған

Next Post

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz